ИМАНСЫЗДЫҚ-ИМАНДЫЛЫҚ

ИМАНСЫЗДЫҚ-ИМАНДЫЛЫҚ.

Имансыздық – адамгершіліктік прин- циптерден бас тарту, құлықсыздық (келеңсіз, ұнамсыз); адамға жат мі- нез-құлықтың атауы. Мұндай жат мінез-құлық иелеріне көп жағдайда шектен шыққан арсыздық тән. Ол адам бойында орынсыз қатыгездік, нем- құрайдылық, қажетті тәлім-тәрбие көрмеуден туындап жатады, ондай кісі жағымды эмоцияға жұтаң, ке- рісінше, бетімен кетушіліктің шек- тен асқан көрінісі. И. түрлері әр- түрлі: ашық арсыздық, адам баласын жек көру, мақсатқа жетудің қолай- сыз тәсілдерінен бас тартпау және т.б. Аристотельдің пікірі бойынша, И-тың негізі, қайнар көзі саяси көз- қарастардың кемшіндігінен, қоғам- дық қатынастардың бұрмаланған түрлері (тирания, олигархия т.б.) әр- түрлі күнәһарлықты тудырады: (пай- дакүнемдік, мейірімсіздік, арамдық, дарақылық, шектен шығу, жаулық т.б.). Қазіргі заманда бұл мәселе кө- кейтесті болып отыр. Сондықтан қа- зіргі жастарға ғылыми әдеп тұрғы- сынан имандылық пен ар-ождандық, адамгершіліктік құндылықтар мен принциптерді қалыптастыру аса қа- жет. И. опасыздық, ұждансыздық, ұятсыздық, ұлтсыздықпен тоқайла- сады. Абай иман жайында мынадай ой түйген: «Құдай тағала әрбір ақы- лы бар кісіге иман парыз деген, әр- бір иманы бар кісіге ғибадат парыз». Тағы бір жерде «Ұятсызда иман жоқ, түпке жетер» деген пікір білдіреді.Имандылық – бұған қарама-қарсы мұсылман дінін ұстаушылар (әсі- ресе бес парызын міндетті түрде орын- дап жүргендердің), сондай-ақ адам- гершіліктің деңгейіне дақ түсірмей- тін (өтірік айтпау, кісі ақысын жемеу, зинақорлықпен айналыспайтын), адал еңбегімен күн көретін жаны жайсаң адамдардың психологиялық-мораль- дік бейнесін көрсететін категория.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *