ИКЕМДІЛІК

ИКЕМДІЛІК (синонимдері – еп- тілік, еп, іскерлік, шеберлік, істей білу, білік). Дағдыдан икемділікті айыра білу қажет. Алынған білім не- гізінде бір нәрсені істей білуге икем- ділік болады, бірақ бұл істі орындау дағдысын әлі меңгермеген болуы мүмкін. Мыс., бірінші сынып оқушы- сы екінші тоқсанда жаза біледі, бірақ жазу дағдысын меңгеріп болды деуге болмайды, өйткені өте баяу жазады, әрқашан дұрыс та таза бола бермей- ді. Бірақ оқушы одан әрі қарай бұл дағдыны меңгеріп, ақырында тез жазып кетеді. Бұл арада дағды үйрен- ген икемділік негізінде пайда бола- ды, ал ол білімге (қандай да бір әріп- терді, жазуды жаза білуге) негіздел- ген. Кейбірде, адам дағдылануы не- гізінде икемділігін жетілдіре түседі. Мыс., оқу дағдысы бар оқушы, әлі мәнерлеп оқи алмайды. Педагогтың басшылығымен ол осы шеберлікті

үйренеді. Бірақ оқушы егер оқу дағ- дысын жақсы меңгермеген болса, әрине, бұл өнерді де үйрене алмас еді. Бұл арада И. бұрыннан бар дағ- ды негізінде қалыптасады. Сонымен, И. – адамның әрекет процесінде ал- ған білімін немесе дағдысына негіз- делген қандай да бір әрекетті орын- даудың біршама жетілдірілген тәсілі. И. – әрекетті орындауға даярлық. И. әртүрлі дәрежеде болуы мүмкін: бір жағдайларда олар дағдының қа- лыптасуына жәрдемдессе, екінші бір жағдайларда – іс-әрекеттің одан әрі дамуы болып табылады. И. пайда болу үшін көп жаттықпаса да бола- ды. И. үшін не талап етілетінін, әрекеттің орындалу тәсілін білудің маңызы бар. И. – адамның әрекет үр- дісінде алған білімін немесе дағды- сына негізделген қандай да бір әре- кетті орындаудың біршама жетіл- дірілген тәсілі.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *