Ілияс Жансүгіров
(1894-1938) Қазақтың эпик ақыны. Қазақстан жазушылар одағы І. Жансүгіров атындағы әдеби сыйлық тағайындады.
Талдықорған (қазіргі Алматы) облысының Ақсу ауданында дүниеге келген.
***
Гималай – көктің кіндігі, Гималай – жердің түндігі.
***
Сыр түйіні ақиқат, Ақиқат шындық көпке ортақ.
*** Жас мұраты – білім, тәлім талабы…
***
Өнер, оқу – жастықтың қару жарағы.
***
Егер ең ұлы ашылулар болмаса да — бәрібір адамзат өмір сүрген болар еді, ал егер сүйіспеншілік жоқ болса — ол тез арада құрып бітер еді.
***
Бір сүйген адамыңды мәңгі сүйіп өтуге болады. Бұл махаббаттың күшінен ғана емес, адамның мінез-құлқының тұрақтылығымен байланысты.
***
Шын махаббат бар да, махаббатпен ойнау бар.
***
Шын жақсы көру – өмір бақи сәулесін, сұлулығын жоғалтпайтын гауһар тас.
***
Кімде-кім шын сүйсе, өз сезімін қадірлейді, өйткені оның ләззаты ыстық жүректен туған. Ал жүректі ауыстыра алмайсың.
***
Қызғаншақтық — кең дүниені тар ететін кесел.
***
Өз мінезінен өзі құса болған қайғыдан жаман қайғы жоқ. Ол адамды іштен жегідей жейді. Бір кездегі денелі салмақты жас жігіт, енді күжірейген, қас-қабағы түнерген, ашулы кісіге айналады.