Сәкен Сейфуллин
(1894-1938)
Аса көрнекті қазақ ақыны.
***
Досыңмын деп ант береді,
Жем табылса жалт береді.
*** Адам – керуен, өмір – жол.
***
Тіршіліктің негізі – еңбек. Еңбекпен ғана адам жақсы тұрмысқа жеткен.
***
Жан-жағың түбі жоқ тұңғиық болса, тұңғиықтан шығуға бір-ақ ауыз болса, ол ауыз-күнәсіз өлім болса, адам өлімге тойынбай тура қарамақ. Қайта өліммен тезірек айқасуға ұмытылмақ.
*** Оқу – білім қазығы, Адамның азығы.
Оқу өмірдің сәні,
Тіршіліктің шамы.
***
Жазушы деген сөз қалаушысы, сөз кестешісі, сөз зергері, зергері болғанда жай ғана зергер емес, сөз арқылы адамның жан дүниесін, санасезімін тәрбиелейтін зергер. Сондықтан да ол «адам жанының инженері».
***
Әр істің бір сәні бар. Әр қимылдың өзінше Ырғағы бар, әні бар.
***
Адамның жайын ауылдасы білмейді, істесі біледі.