ИБН-СИНА (980-1037) – Орта азиялық ғалым. Жан туралы, оның табиғилығының негіздері туралы ілім құрушы. Ол өз Шығыс әлемінде әл-Фарабиден кейін психология са- ласында терең мағыналы түйіндер жасаған ғұлама. Мәселен, жан қуат- тарының (түйсік, ес, ойлау т.б.) ми қызметінде туындайтын, оның бір- тіндеп онтогенезде дамып отыра- тындығын, адамның мінез, қабілет, темперамент ерекшеліктері сыртқы ортаның әсерінен өзгеріске түсіп оты- ратындығын нақты тәжірибе арқы- лы дәлелдеулері 5 томдық «Дәрігер- лік ғылымның канондары» атты не- гізгі еңбегінде көрініс тапқан.