ИБА – адамның мінезінің әдеп сақ- тап, ізет етуін, ұялу сезімін білдіре- тін ұнамды әрі жағымды қасиетін білдіретін ерекшелігі. Ибалы мінез көрсететін адамды халық үнемі сый- лап, құрмет тұтады. Өзгелерге үлгі- өнеге етіп көрсеткен. «Алғашқы кезде Роза менен иба қылып жүрді (Иман- жанов). Ибалы мінез көрінісі кім-кім- нің де болса да ақыл-ойы мен әдепті- лігін, білімділігі мен парасаттылы- ғын, тәрбиелігі мен өнегелілігін, көр- сететін қылығы болып табылады. Көпшілік арасында әдеп сақтап, ар- ұятын сақтайтын жастарды халқы- мыз құрмет тұтып, оның әрбір іс-әрекет ететін, жүріс-тұрысындағы қимыл- қозғалысын, сөйлеген сөзін, адамдар- мен қарым-қатынас жасауын үлгі тұтып, өзгелерге тағылым етіп отыр- ған. Ізеттілік, әдептілік пен сыпайы- лық кімнің болса да жеке басын, ада- ми қасиетін асырып ондайларды өс- келең ұрпаққа үлгі берерлік тұлға деп санаған. «Күліп кісі бетіне қа- рап көрмеген, ибалы, атақты асыл Қамарымыз жоқ жерден жалаға ұшы- рағанына қайғыра-қайғыра құр шы- бын жаны бар еді (Торайғыров)».
«Ғайшаның апасы бір-біріне айта ал- май, ибалық қылып отырған сөзі бол- са, сөйлесін деп, екеуін оңаша тас- тап, ауыз үйге шығып тұрды (С.Кө- беев)». Ибалық көрсету, мінез-құлық- тың ұнамсыз қасиетіне қарама-қар- сы сипат болып табылады да, адам- ның өз басына тән қылығын неғұр- лым сыйласымды өнегелік пен әдеп- тілік көрсету қажеттілігін дамытуға баса мән береді.