ЗЕРЕКТІК

ЗЕРЕКТІК – адамның саналы әре- кеті мен ақыл-ойының ұнамды әрі аса қажетті қасиеті. Ұғымталдық, зейінділік пен пайымдылық зерек- тіктің мәнді, тұрақты белгі-сипатта- ры. «Дулат Абайдың ұғымтал зерек- тігіне шын сүйінді (Әуезов)». Адам- ның саналы әрекетіндегі З. қасиеті психикалық процестердегі түйсіну мен қабылдау, сезім, ойлау әрекетте- рі болып саналатын талдау мен бі- ріктіру, нақтылау мен абстракциялау, салыстыру мен пайымдау сияқты амал-тәсілдермен өзара тығыз бай- ланысты түрде дамып отыратын жан жүйесінің процестері. З. – адамның өзінің маңындағы нәрселер мен құ- былыстарды танып білуіндегі се- зімталдығын, ақыл-ойының ұшқыр- лығын, ойлау әрекеттерінің оралым- дығын білдіретін даралық қасиеті.

З. жоғары жүйке қызметінің типте- рі мен олардың әсерлену ерекшелік терін көрсететін темперамент тип- теріне, мінез-құлқы мен қабілеттілік ерекшеліктеріне тәуелді болып оты- ратындығы психологияда ғылыми тұрғыдан шындығы айқындалған жайттар. З. қазақ халқының ғасыр- лар бойы даму тарихында сан алуан құбылыстар мен жеке адамдардың өмірінен айқын көрініс беріп отыр- ған. Халқымызға атақ-даңқы мен ақыл-ойы танымал болып, Жиренше шешен мен Қарашаш, Тазша бала мен Алдаркөсе, Қожанасырдың ақыл- ойы мен зеректігі әрбір істің түйінін шешуде айқын көрініс беріп отыра- тын халық бұқарасына өнеге берер- лік істер. З.-тің көрінісі Ы.Алтын- сариннің «Асан мен Үсен» атты әңгі- месінен де айқын байқалады. Халқы- мыз ақыл-ой мен саналықтың қасиеті З-ті жоғары бағалап, ондай кейіпкерлерді үлгі-өнеге тұтқан. З. – (зейінді- лік, түсініктілік, ұққыштық, ұғым- дылық, ұғымталдық) әсер етуші нәр- селер мен құбылыстарды сезім мү- шелері мен ақыл-ой арқылы тез қа- былдап, олардың мән-мағынасын же- те түсіну қабілеті.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *