ЗЕЙІННІҢ ТҮРЛЕРІ

ЗЕЙІННІҢ ТҮРЛЕРІ – адамдардың зейіні ырықты, ырықсыз және үй- реншікті болып үшке бөлінеді. Сырт- қы дүниенің кез келген объектілері кейде ырықсыз-ақ біздің назарымыз- ды өзіне тартады. Мәселен, көше- мен кетіп бара жатқан адамның бояу- лы афишаға көзі түссе, оған мой- нын бұрады не милиционердің ыс- қырығына жалт қарайды т.б. Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейіннің бұл түрі әсіресе жас балаларда жиі кездеседі. Өйткені балалық дәуірде адамның күрделі іс-әрекетте (оқу, еңбек т.б.) белгілі жүйеге келе қоймайды да осының нәтижесінде оның психикасы өте нәзік, түрлі сыртқы әсерге берілгіш келеді. Әрине, бұдан бала есейген соң, оның ырықсыз зейіні маңызын жояды деген қорытынды тумау қажет. Адам өмірінің барлық кезеңдерінде ырықсыз зейін тиісінше орын алып отырады. Қызығу – ырықсыз зе- йіннің бұлағы. Өйткені қызықты іске көңіліміз тез ауады. Мәселен, қызықты кітап оқуға ырықсыз зейін жеткілікті. Ал қызықсыз кітапты оқу – ырықты зейінді керек етеді. Ырықты зейінде қызығу орын алуы тиіс. Бірақ ырықты зейін де жанама, дәнекерлі қызығуды керек етеді. Мұнда адам істен шығатын нәтижеге қызығады, оны орындау үшін күш жұмсайды. Өйтпесе іс өнбейді, күткен нәтиже шықпайды.

Ырықсыз зейін физиологиялық тұр- ғыдан барлау (ориентировочный) рефлекісінің жемісі болып табыла- ды. Зейіннің бұл түрі жануарлар мен адамдардың сыртқы ортамен байланысында үлкен рөл атқарады. Ырықсыз зейін кез келген тітіркендіргіш арқылы пайда бола бермейді. Ырықсыз зейіннің көрінуіне төмен- дегі жағдайлар себеп болады:

а) күшті тітіркендіргіштер (көзді аштырмайтын жарық, қанық бояулы заттар, қатты дауыс, мұрын жаратын иіс т.б.), заттар мен құбылыстардың жаңалығы мен қозғалысы (мәселен, адамның үстіндегі киімінің өзгеруі, дыбыстың, жарықтың артуы не ке- муі т.б.).

ә) адамның сыртқы дүниедегі объек- тілерге қатынас жасауының дәреже- сі (қызығу, қажетсіну, көңіл күйінің хош болуы) ырықсыз зейіннің тууы- на жақсы әсер етеді.

Адамның ырықты зейіні әрекетті саналы түрде белгілі ерік күшін жұм- сау арқылы орындалуынан көрінеді. Ырықты зейінде белгілі бір мақсат көздеп, объектіге ерекше зер салып отыру көзделеді, ол жұмыстың басы- нан аяғына дейін ерік-жігерді сарқа жұмсауды талап етеді. Ырықты зе- йін мынандай ерекшеліктермен си- патталады;

  • Қандай болмасын бір әрекеттің талабына сай зейініңді бағындыра алу үшін іс-әрекетке тікелей кірісу қажет.
  • Үйреншікті жұмыс жағдайын жа- сап алып, алаңдататын нәрселерден бойды аулақтатқан жөн.
  • Орындалатын істің мәнісін, маңы- зын түсіну үшін білімге шын ықы- ласпен берілген дұрыс.
  • Түрлі қолайсыз жағдайларда да жұмыс істеуге машықтану. Мәселен, көңілді алаң қылатын бөгде тітір- кендіргіштердің (айқай-шу, тарсыл- гүрсілдерде де) әсеріне берілмей жұмыс істей беру. Бұл зейінді шы- нықтырудың, оны мықты және шыдамды етіп тәрбиелеудің ең жақсы жолы болып табылады.
  • Зейінді болуды өзіңе үнемі ескер- тіп отыру керек. Бір сөзбен айтқан- да, ырықты зейін деп іс-әрекетті жос- парлы түрде ұйымдастыруды айтады. Зейіннің екі түрі де бір-бірінен еш- қашан қалмай ілесіп отырады. Ырық- ты зейін ырықсызға, ырықсыз зейін ырықтыға қарай жиі алмасады. Шын- дығында, адамның үнемі ырықты зейін жағдайында болуы мүмкін де емес. Оқушы алғашқыда жай қы- зыққан нәрсесіне тікелей зейінін аударады, ал содан кейін сабақтың мақсатына қарай тікелей қызық емес басқа материалдарға да зейін қояды. Алғашқы уақытта қызықсыз болып көрінген сабақ кейін балаға түсінік- ті бола бастайды. Бұл кезде оның ырықсыз зейіні сыртқа теуіп, ырық- ты зейінінің пайда бола бастағаны. Зейіннің үйреншікті деп аталатын түрі де бар. Үйреншікті зейін -адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін. Мә- селен, бала оқуға төселсе, бұл оның тұрақты әдетіне айналса, оның зейі- ні де үйреншікті бола бастайды. Қан- дай нәрсеге болса да үйреніп, жатты- ғып алған соң, адамның іс-әрекеті дағдысына айналады. Үйреншікті зейіннің де табиғаты осыған ұқсас. Өйткені үйреншікті зейін ырықты зейіннен дамып қалыптасады. Зейін- нің қай түрі болмасын іс-әрекеттен нәтиже шығаруға бағытталады. Егер адам жұмысқа өздігінен беріліп істе- се ырықсыз зейіні көрінеді. Бірақ ұзақ жұмысты тікелей қызығып істей беру де оңай емес. Мұндай жағдайда ырықты зейінге орын беріледі. Ылғи ырықты зейінмен жұмыс істеу де адамды қажытып шаршатады. Сондықтан адам жұмысты зейіннің осы екі түрін қатынастыра отырып, үйреншікті зейінмен істеуді әдетке айналдыруы қажет.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *