ЗАЛЫМДЫҚ

ЗАЛЫМДЫҚ – мінездегі рақым- сыздық, мейірімсіздік, жауыздық, арамниеттілік, қарапейілділік, қас- көйлік дейтін ерекшеліктер. Мұндай ерекшеліктердің кез келген түрі адам- ға қастандық әрекеті арқылы көрініс беріп, адал ниетті қарапайым көпші- ліктің жек көруі мен қарғыс айту сезімін оятады. З-тағы рақымсыздық, мейірімсіздік пен қаталдықты, тасбауырлық пен қайырымсыздықты білдіретін мінездегі жексұрын қы- лықтар. «Абай Алшынбайға да іш- тей, көңілі жылы тартқандай болды. Түсі суық рақымсыз жаулықтың енді беті ашылып татулыққа айналғанын Абай «Үһ» деп, күрсіне сүйсініп қа- былдап еді (Әуезов)». З-тағы мейі- рімсіздік тірі жанға жаны ашымай- тын қатыгездік.

«Арман қып жырламай ма махаббат- ты. Өзі ұзақ тойдырмайтын болса тәт- ті. Жалғыз-ақ махаббатты танымай- тын, Мейірімсіз жандар жоқ па тас- тан қатты (Байзақов)». Жауыздық та – З. Жауыздық қастық. Қаныпезерлік пен зиянкестік. «Отанға опасыздық ету… – барып тұрған жауыздық». Арамниеттілік – залымдықтың бір белгісі, оңбағандық, бұзық, сұм ойлы адам. Қарапейілділік те З-тың бір сипаты. Қарапейілділік – ниетсіздік пен ықылассыздық. Адамға жаманшы- лық пен қысастық келтіруді ойлай- тын қаскөйлік. Пейілі тар адамды да халық З-тың бір көрінісі деп сана- ған. «Әуеден қыс болғанда жауады қар, Сараң жан дым бермейді пейілі тар (Айман-Шолпан)». З. адамның мі- нез-құлқындағы жексұрын әрі зиян- ды сипаттар болғандықтан оларды сынап-мінеп қана қоймай, өзге адам- дар ондайлардан бойын аулақ ұстай- тын болған.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *