Бауыржан Момышұлы

 

Бауыржан Момышұлы

(1910-1982)

Прозашы, ақын. Кеңес Одағының Батыры. Қ.Р. Халық қаһарманы. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

***

Қайрат етер мезгілде, Жүк көтерер нардай бол. Ақыл айтар мезгілде,

Мың жасаған шалдай бол.

***

Арлы адам- ардақты, ар- ардақтың анасы.

***

Азамат жолы- ар жолы.

***

Мен де қазақпын жаралған сүйек-еттен, Менде ар бар, менде ой бар жан тебіренткен. Халқымның қарапайым бір ұлымын, Жанымды арым үшін құрбан еткен.

 

***

Үміт өрге тартады,

Үмітсіздік көрге тартады.

***

Үмітін жоғалтқан жан, ешқашан үміттеніп көрмеген жан.

***

Әділдікті мойындау- адал кісінің ісі.

***

Адам өміріндегі ең үлкен қуаныш- бала сүю.

***

Жігіттің екі сөйлегені – өлгені. Уәде бермеуге тырыс. Әйтпесе, сөзіңде тұр.

***

Қысқа, нұсқа сөйле. Даусың анық болсын.

***

Көп тыңда. Аз сөйле. Сөзіңнің артынан ісіңмен үлгеруге жаныңды сал.

***

Өсек айтылатын жерде болма. Кездейсоқ болған жағдайда қосылма. Кесіп тастауға тырыс.

***

Таспен атқанды аспен ат- жеңісің. Содан кейін алшақ жүр.

***

Ренжітпе! Жүйелі қарғыс иесін табады.

***

Ешқашан мақтанба! Жұрт мақтасын.

***

Өзіңді сыйла, Өзгелер сыйласын.

***

Құмар ойын-әлсіздің әлегі. Мықтының рухы биік, денесі шымыр.

 

 

***

Үйретері мол мықтылардан ұстаздарың болсын. Бірақ, ешкімді пір тұтпа!

 

***

Сыйлағанның құлы бол. Кішірею төмендеу емес.

***

Ең алдымен өзіңе өзіңнің көңілің толатындай өмір сүр.

***

Саяхатта. Дүниетанымыңның аясы кеңейеді.

***

Қайтарымынан үмітті болсаң, жақсылық жасама.

***

Жүйкең әлі талай қажет болады. Болмашыға тоздырма. Шешуші сәттерге бапта.

***

Уайымға салынудан алшақ бол. Арба да сынбайтын, өгіз де өлмейтін шешім қабылда. Тез шешім қабылда. Тәуекел түбі- жел қайық, жүзесің де өтесің. Уайым түбі- тұңғиық, батасың да кетесің.

***

Сырыңды ешкімге алдыртпа. Екі елі аузыңа сыймаған сөз өзгенің отыз екі тісінің арасына тіптен сыймайды.

***

Өкпелеме. Өш алма. Санасына бер. Аллаға тапсыр!

***

Пенденің пендеден айырмашылығы- адамгершілігі мен білімінде. Таны, оқы!

***

Өнер үйрен. Мамандығыңда мықтысы бол.

***

Өміріңнің сапасына тек сен жауаптысың!

***

Ұрпақ тәрбиесі елу пайыз сенің мойныңда. Ұлың өзіңнен озатын болсын. Қызың саған қарап серігін тауып, бақытты болсын.

***

Кім қанша төмен түссе де, сен өз биігіңде қал.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *