Мұхаметсәлім Кәшимов

Мұхаметсәлім Кәшимов

(1884-1935)

 

             Ағартушы-демократ ақын,             жазушы.          1907-1909

жылдары«Әдеп»,«Үгіт»,«Насихат Қазақия», «Алтын кітабы», «Сұлу қыз» атты өлең және публицистикалық бес жинақ, 1914 жылы«Мұңлы Мариям» атты роман жазған, екі жылдай«Айқап»журналының тілшісі болып Алатау, Қытай қазақтарының өмірінен этнографиялық сипатты жол очерктерін жазған. Көкшетаулық.

***

Оқып қал, әй, балалар, жас шағыңда, Оқуға уақыт, кеңдік бар шағыңда.

Ендігі заманаға оқу керек,

Оқусыз өнер сатқан адам бар ма?!

***

Жақсы адамның бір мінезі бар: өзіне пайдалы сөзді біреу сөйлесе, соған бой ұсынып тұрады.

***

Пайғамбар хақ, Алланы бір біліңіз,

Орысша, мұсылманша тіл біліңіз,

Қазіргі күнімізге қарағанда,

Қазақты еш жарықсыз түн біліңіз.

 

 

***

Кітап оқу деген бек пайдалы, қызық нәрсе. Жолдассыз уақытта жолдас болады. Көңілің жабырқап, қайғыланған уақытта көңіліңді ашады, шаттандырады, бұрынғы заманда нелер болған, миләттар қандай, ғылымды кісілер қандай – солардың бәрін көзге көрсетуші, аз бағалы, көп пайдалы нәрселердүр. Соның ішінде кітап оқуға сараңдық қылмай, кітап оқып тұрыңыздар.

***

Заманның түріне қарап, һәм бір миләттар (халықтар) алға қарап ұмтылуда, һәм сол еткен жігерлерінің арқасында күннен-күнге ғылым, өнерлер де алға қарай жүріп бара жатыр. Енді біздің қазақтарға қарасақ тіпті басқа һәммен баяғы надандық жақтарын қуаттай береді: біренсаран ішімізден туралыққа, ғылымды үндеушілер болса, жан-тәнімен дұшпандықтарын арттыра береді. Қашан бұл әдеттер жойылмайынша, қазаққа ғылым, өнерлердің тегістей тарауы бек қиын дүр.

***

Еш уақыт оқуға тікаппарлық қылмаңыз. Оқу үйрену қандай жақсы болса да, көңілде бұзық ниет болса, қадірі кемиді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *