Кенен Әзірбаев
(1884-1976)
Ақын, композитор. Жамбыл облысының Қордай ауданында туған.
Ақынға қара сөзден өлең оңай,
Балыққа саяз судан терең оңай.
***
Бақыт бар деп базарға барма, Иман бар деп азанға барма.
***
Бір ағашта қанша бұтақ, Біреуі -ақ қамшыға сап.
***
Қазанат қамшы тигізбейді,
Азамат жоғын білгізбейді.
***
Халық алдына барғанда –халық алған тілімді, Ұлық алдына барғанда – ұлық алған тілімді, Талқанбайға барғанда – итке берсін күнімді