ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИПТЕРІ –жүйке жүйесінің жеке-дара ерекше- ліктерінің жалпыланған сипаттама- лары. Көптеген физиологтардың көз- қарасы бойынша, Ж.ж.т. туа бітеді және тұқым арқылы беріле алады. Тіршілік іс-әрекеті барысында ол жасырын да болуы мүмкін, сондай- ақ өмір сүру, тәрбие жағдайларына байланысты ол өзгеріп те, күшейіп немесе әлсізденуі де мүмкін. Ол нә- сілдік ерекшеліктер мен өмірлік тә- жірибелер арқылы қалыптасады. И.П. Павлов бойынша, Ж.ж.т. негізінде қыртыстық физиологиялық процес- тердің – қозу мен тежелудің қасиет- тері жатады: күштілік, икемділік, те- пе-теңдік немесе оларға қарама-қар- сы процестер – әлсіздік, икемсіздік, тепе-теңсіздік.
Осы жүйке процестерінің қасиетте- рі үйлесе келіп, жүйке жүйесі тип- терін құрады. Қозу мен тежелудің күшті процестерінде қозу тежелуге қарағанда, басым болады да, бірінен екіншісіне ауысу тез жүреді. Бұл қат- ты қозғыш Ж.ж.т. Егер екі процесс те әлсіз болса, онда тежелу қозуға қарағанда, басым түседі – бұл әлсіз Ж.ж.т.-не тән. Бірінен екіншісінен ауысқандағы қозу мен тежелудің күш- ті процестерінің тепе-теңдігі – тек күшті, тепе-тең Ж.ж.т. сәйкес келеді. Қозудан тежелуге және тежелуден қозуға баяу өту (екі процесс те күшті болған жағдайында) күшті инертті Ж.ж.т. көрсетеді.