ЖІКШІЛДІК – елді екі бөліп бүл- дірушілік. Ж. – ел мен жұртты, адамдардың ұжымы мен тобын бірі- не-бірін қарсы қойып, елдің береке- тін кетіретін аздырушылық әрекет. Ж. халықтың, елдің ынтымағы мен бірлігін ыдыратады, жікке бөліп өзара шатастыруға әкеп соқтырады. Ж-ті ұйымдастырушы адам мансап іздеп, өз басының мүддесін ойлайтын, менмен әрі азғын, залым адам деп саналады. Ондайлар ел ішінде бүлік, дау-жанжал да тудырады. Ж. халық- ты, елді жақ-жақ болып бөлектеніп істеген істері мен мақсат-мүдделерін жүзеге асыруда бей-берекет жағдай- ға душар етеді. Ж.-тің әлеуметтік өмір- дегі көріністері түрліше. Рушылдық пен жерлестік, жүзге бөлініп ыдырау.