ЖАН ЖЫЛУЫ

 

 ЖАН ЖЫЛУЫ – психологиялық тұрғыдан қарағанда адамдардың өз- ара қарым-қатынасында біріне-бірі- нің қамқорлық көрсетіп, мейірімді- лігі мен ықылас-ынтасынан айқын байқалатын жайттар. Ой ішінде, от- басындағы адамдардың біріне-бі- рінің жанашырлықпен қарап, өзара сыйласымдық пен құрметтеу сезімі- не байланысты болып отырады. Үй ішіндегі ересектердің кішілеріне қамқорлық жасап, оларға тағылым берерлік ықпал етуі, үйдегі балалар мен жасы кішілердің ата-аналарына, үлкендердің ақыл-кеңесін тыңдап, оларға шама-шарқы жеткенше кө- мектесіп отыру жалпы отбасы мен ағайын-туыс адамдар арасындағы сүйіспеншілікті Ж.ж. жандандыра түседі. Ата-аналарының перзенттерін болашақ ұрпағым мен өмірімнің жал- ғасы деп санап, олар жайында қам- қорлық көрсету де Ж.ж. маздата түсе- ді. «Балым, балым, Баланың бала- сы – жаным» дейтін мақал Ж.ж. көр- сетудің шарықтау шегін білдіретін туған әке-шеше мен ата-әжелер, ба- лалар мен немерелер арасындағы сүйіспеншілікті нығайтып, адамдар- дың жан дүниесін шаттық пен ма- хаббатқа бөлейді. Ж.ж-ның көрінісі ұжым ішіндегі адамдар арасында да, қызметтес жора-жолдастар арасында да ерекше адамдардың рухани өмі- рін байытатын психологиялық қуат- ты фактор.

 

ЖАН ҚУАТЫ – адамның психо- логиялық сипаттары мен психика- лық процестерінің алуан түрлі бо- лып, неше алуан қызмет атқаруы мен олардың көрінісін ұлы бабамыз, әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фараби жан қуаттары деп атаған және оларға сол замандағы ғылым жетістіктеріне сүйене оты- рып, адамның бойындағы жеке мү- шелердің атқаратын қызметін де дә- йектеп түсіндірген. Психикалық про- цестер болып саналатын сезім мен түйсік, сөйлеу мен ойлау, жігер мен ерікті әрекеттердің бәрі жан қуатта- ры деп есептеледі. Ж.қ. материалис- тік және идеалистік – діни бағыты бар екені философия ғылымындағы ертеден келе жатқан біріне-бірі қа- рама-қарсы дүниетанымдық көз- қарас. Жан жайындағы түсінік пси- хологияда – ішкі ойсана сарайы. Ал ауыспалы мағынадағы жан түсінігі діни тұрғыдан қарағанда адамға, жан-жануарларға тіршілік беретін рух. Мұндай көзқарас бойынша, адамның тәні бар және жаны болады деген сенім болған. Адамның жан дүниесінің сыры объективті дүние- нің субъективті бейнесі деп түсіну бірыңғай материалистік тұрғыдағы дұрыс түсінік болып табылады. Жан- тәнмен бірге тіршілік етеді. Бұл ор- ганизмнің табиғи өмір сүруі – шын- дық фактор.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *