ЖОҒАРЫ СЕЗІМДЕР

ЖОҒАРЫ СЕЗІМДЕР – адамның қажеттіліктерімен және оны қа- нағаттандыру мүмкіндіктерімен бай- ланысты. Қажеттіліктердің сипаты- на байланысты жай және жоғары сезімдер деп бөлінеді. Жай сезім- дерге белгілі бір физиологиялық қа- жеттіліктерді қанағаттандыру немесе қанағаттандырмаумен байланысты сезімдерді жатқызамыз. Мысалы, аштық, шөлдеу, тою, жүрегі айну сияқты эмоциялық жағдайлармен байланысты сезімдер жатады. Жай сезімдердің ерекше биологиялық мә- ні зор.

Олар бас ми алабына дене жағда- йы туралы сигналдарды жеткізіп отырады: денсаулығы немесе ауру- лығы, қарапайым қажеттіліктерді қанағаттандыру немесе қанағаттан- дырмау туралы. Жоғары сезімдер адамның рухани дүниесін білдіреді және оны жеке тұлға анықтайды. Жоғары сезімдер рухани қажеттілік- терді қанағаттандыру немесе қанағаттандырмау негізінде пайда болады. Жоғары сезімдер анық байқалатын қоғамдық сипатта болады және адам- ның қоғамдық өмірдің әртүрлі жақ- тары мен құбылыстарына қатына- сын білдіреді (моралдік, интелектуал- дік және эстетикалық). Жоғары се- зімдердің мазмұны, олардың бағыт- тылығы адамның көзқарасымен, адамгершілік мінез-құлық ережеле- рімен және эстетикалық бағалаулар- мен анықталады. Жоғары сезімдер адамгершілік, эстетикалық және ин- теллектуалдық болып бөлінеді. Адам- гершілік сезімдер – қоғамдық өмір- дің талабына сәйкес көрінетін адам- ның жоғарғы сезімдерінің бір түрі. Бұлардың мазмұны да, құрылымы да өте күрделі.

Мұндай сезімдер тобына жолдастық, достық, махаббат, адамдық, шыншыл- дық, ар-намыс, борыш, жауапкерші- лік, елжандылық, ұят, ұлттық мақта- ныш, қазақстандық патриотизм т.б. жатады. Адамгершілік (моралдік) се- зімдер дегеніміз дүниедегі құбылыс- тарды қабылдауда адамдардың көңіл күйі және бұл құбылыстарды қоғам- ның қалыптасқан ережелерімен са- лыстыруды айтады. Бұл сезімдердің байқалуы көрсеткендей, адамдар адам- гершілік талаптар мен ережелерді меңгереді. Адамгершілік талаптар қо- ғамның тарихи дамуының үрдісінде оның дәстүрлеріне, салтына, дініне, идеологиясына және т.б. байланысты қалыптасады және өзгеріп отырады. Мысалы, ар-намысты қорғау, көбіне- се қайсар, өжет, табанды, көздеген мақсатына жетпей тынбайтын адам- дарда жиі байқалады.

Адамның өмір сүріп отырған қоға- мы, оның нақтылы іс-әрекеті моралдік сезімдердің мазмұнына күшті әсер етеді. Егер саналы кісі ұжымдық жә- не қоғамдық ережелерді бұзса, бұған қатты қиналады, ал бұларды ылғи орындап жүрсе, жаны рахаттанып, көңіл күйі көтеріңкі, шат-шадыман күйде жүреді. Ата-аналар мен мұға- лімдердің басты міндеті оқушы са- насында осындай сезімдерді қалып- тастыру болып табылады. Адам ба- ласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, қайырымдылығымен, адалдығымен, әділеттілігімен ардақ- талады. Моралдік сезімдер адамдар- дың іс-әрекетінен, қарым-қатына- сынан байқалады. Жақсылық пен жа- мандық, зұлымдық пен махаббат, әділеттілік пен әділетсіздік, борыш пен намыс, ар мен ождан адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Осы адамгершілік сезімдерді ұстанған қазақ халқы жастарды отбасында кі- шіпейілділікке, имандылыққа, ізет- тілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші  орынға  қояды. Халқымыз:

«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деп, адамгершілікке тәр- биелеуде ата-ананың үлгі-өнегесіне ерекше мән берген. Адам өз ортасына қарап өседі. «Ағаштан ағаш рең ала- ды, адамнан адам тәлім алады», «Он рет өсиет айтқанша, бір рет өнеге көрсет» дейді халық. Мәселен, өткен замандардың  бір  ақылгөйі Сенека

«Уағыз айтып жақсылыққа жетелеу қиын, ал өнеге арқылы оңай» деген екен. Халық психологиясы жастарды сабырлы, адал, арлы азамат болуға үндеп отырады. «Өлімнен ұят күшті»,

«Ақылды болсаң арыңды сақта, ар- ұят керек әр уақытта».

Баланың бойында жақсы адамгерші- лік сезімдердің қалыптасуы, өнер білімді игеруі тәрбиеге, өскен орта- ға, үлгі-өнеге берер ұстазына байла- нысты. Сондықтан да халқымыз: «ұс- тазы жақсының – ұстамы жақсы» деп бекерден-бекер айтпаса керек. Қоғамның даму үрдісінде адам мо- ралдік талаптармен ғана емес, соны- мен қатар сұлулық ұғымдарын бас- шылыққа ала отырып, қоршаған дү- ниенің құбылыстарын қабылдау қабілеттілігіне ие болады. Бұл жағ- дай эстетикалық сезімдердің пайда болуы үшін негіз болып табылады. Эстетикалық көңіл күйлер өте көп қырлы және күрделі. Эстетикалық сезімдер – болмыстағы шындықтың сұлулығын, әдемілігін, әсемдігін қабылдаудан туатын көңіл күйі. Эстетикалық сезім табиғат көріністе- рінен, әуезді әуендерден, әсерлі оқи- ғалардан, өнер туындыларынан пай- да болады. Адамның эстетикалық се- зімі өз ортасына, тарихи-әлеуметтік жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Эстетикалық сезімі жетіл- ген адам табиғат сұлулығын қабыл- дап сүйсінеді. Адамның қоғамға, дүниеге көзқарасы эстетикалық сезі- мімен астарласып жатады.

Эстетикалық сезімдер деп әдемі зат- тар мен құбылыстарды қабылдаумен байланысты, ол туралы елестетулер- мен және ойлармен байланысты адамның көңіл күйінің жағымды се- зімдерін айтамыз. Н.Г.Чернышевский эстетикалық сезімдердің адамның көңіл күйінде алатын орнын бағалай келіп былай деді: «Біз сұлулықты шексіз сүйеміз, біз сүйсінеміз, оған шаттанамыз…». Эстетикалық сезімдер бізде алдымен қоршаған дүниенің құбылыстарымен, табиғатпен және оның өмірімен, адамдармен және оның өмірімен, іс-әрекетімен пайда болады.

Н.Г.Чернышевскийдің анықтамасы бойынша, «Сұлулық дегеніміз – өмір». Бізді қоршаған дүние және өмір онда әр түрлі байқалады. Сондықтан да адамның эстетикалық сезімдері ерек- ше алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Эстетикалық сезімдер – пассивті ба- қылап ғана қоймайды, сонымен қа- тар олар адамның барлық іс-әреке- тінің түрлерінде байқалады, олар іс-әрекетті ынталандырып, белсен- ділігін арттырады. Міне, эстетика- лық сезімдердің тиімділігі, мәні осын- да. Эстетикалық сезімдердің тама- ша қайнар көздеріне – сазды, бей- нелеу өнерін, поэзияны және т.б. жатқызуға болады. Өнер шығарма- ларын жасаудағы адамның шығар- машылық қызметі негізінен эсте- тикалық қажеттіліктер арқылы ын- таландырылады. Өнер шығармалары адамдардың санасына негізінен эсте- тикалық сезімдер арқылы әсер етеді. Өнер мен әдебиет шығармаларында шындықты неғұрлым терең, толық және әділетті бейнелесе, солғұрлым адамдарда эстетикалық талғамды көп қалыптастырады және бұл шы- ғармалар эстетикалық көңіл күйдің қайнар көзі және эстетикалық тәр- биенің құралы ретінде бағаланады. Эстетикалық сезімдерді қалыптас- тыруда Абай мен Махамбеттің поэ- зиясының, Құрманғазы мен Дәулет- керейдің құдіретті күй өнерінің, Ә.Қастеев пен О.Таңсықбаевтың бей- нелеу өнері саласында қалдырған тамаша туындыларынан эстетикалық нәр аламыз, жас ұрпақтың эстетика- лық қажеттілігін қанағаттандыруға және олардың эстетикалық талғамын дамытуға көмектеседі. Қазақ поэзия- сының алыбы, гуманист-ақын Абай адамгершілікті, сұлулықты, шынайы махаббатты жырлады.

Ақын өзінің көңіл күйін, адамға, өмірге деген қарым-қатынасын музы- ка тілінде шебер бейнелейді. Ныса- насына дөп тиетін өлең-сөздің небір патшасын тудырған ақын-ән өнерін- де де өнердің құдіретті күшін паш етеді: «Құлақтан кіріп бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй, Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең менше сүй». Интеллектуалдық сезімдер – адамның ақыл-ой іс-әрекетімен байланысты. Интелектуалдық сезімдерге таң қалу, әуестену, өзіне-өзі сену, қанағаттану сезімдерін жатқызуға болады. Интел- лектуалдық сезімдер танымдық іс- әрекетте пайда болады. Бұл сезімдер әртүрлі теориялық және практика- лық мәселелерді қойғанда, міндеттер- ді шешкенде, ғылыми жаңалық аш- қанда, ойлап тапқанда, қандай да болсын жаңаны меңгергенде және та- нығанда пайда болады және көңіл күйді білдіреді.

Теориялық және практикалық мін- деттерді шешкенде адам ерекше жа- ғымды сезімде болады. Бұл сезімді бастан кешіргенде адам ерекше қуа- ныш жағдайында, көңіл күйі, күш- жігері көтеріңкі болады. Қанағаттану және қанағаттанбау сезімі адамда өзі- нің жеке интеллектуалдық үрдісінде пайда болады. Белгілі міндетті ойда- ғыдай шешуде қанағаттану сезімін тудырады. Интеллектуалдық сезімдер тек адамның таным іс-әрекетіне бай- ланысты пайда болып қоймайды, ақыл- ой үрдістерін дамыта отырып, соны- мен қатар оларды ынталандырады, ақыл-ой қызметін күшейте түседі,ойлаудың жылдамдығына, нәтижелі- лігіне, білімнің мазмұнына және дәлдігіне әсер етеді. Мысалы, таң қа- лу және әуестену сезімі адамды әр- түрлі мәселелерді шешуге, одан да терең білімді меңгеруге итермелейді. Таң қалу сезімі дәлелдеуді іздестіруге, өзіміздің ойымызды негіздеуге, пай- да болған сұрақтарға дұрыс жауап- тарын табуға итермелейді. Интеллек- туалдық сезімдерге сонымен қатар логикалық ойлаудың қанағаттанған- дығын жатқызамыз, адамның ойы анықтылығымен, бірізділігімен, не- гізделуімен ерекшеленеді. Керісінше, ойлаудың логикасы бұзылған жағ- дайда, атап айтқанда, адам ойында анықтылық, бірізділік, негізделу бол- мағанда, қарама-қайшылықтар кез- дескенде адамда жағымсыз сезімдер пайда болады. Мысалы, өте жақсы оқылған лектордың, баяндамашының дәрісі, мәнерлі де тартымды сөйле- ген сөзі жағымды сезімді туғызады. Тілдің грамматикалық ережелерін сақтамай, стилі жағынан өте ауыр, мазмұны жағынан тартымсыз лек- тордың сөзі бізде жағымсыз сезімді шақырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *