ЖИЕНБЕТ БОРТАҒАШҰЛЫ –XVII ғасырдан бізге жеткен мұралар- дың біразы Жиенбет есімімен байла- нысып жатады. Оның шығармалары- нан дербес билік құруды көксеген сол заманның өктем тұлғасының үні естіледі. Мәселен, оның інісі Жолым- бетке айтқан толғауында өз басының көңіл күйін, толғаныс-тебіреністе- рін, арман-мұңын жырлайды.
Өмірінің соңғы жылдарында Жиен- бет жырау ханның қуғынына ұшы- рап, шет жерде жүрсе керек. Осы жайт мына жолдардан жақсы аңғарыла- ды: Азап шектім аралда, Қашырды бүйтіп өлімнен, Қайырымсыз болған хандарға, Тиер ме екен бір күні, Жол- барыстай шеңгелім!
Жиенбет жырларынан да әртүрлі моральдық психологиялық топшы- лау – пайымдаулар, педагогикалық түйіндер, яғни келер ұрпаққа тәлім берер тамаша пікірлер де ұшыраса- ды. Осы айтылғанға орай жырау тол- ғауларындағы мына жолдарға бір сәт назар аударып көрелікші: Менің ерлігімді сұрасаң, Жолбарыс пенен аюдай, Өрлігімді сұрасаң, Жылқы- дағы асау тайындай, Зорлығымды сұрасаң, Бекіре менен жайындай, Бе- ріктігімді сұрасаң, Қарағай менен қайыңдай…
Бұларда өз заманындағы жас жет- кіншектерге жан-жақты жетілген, ел- ге қорған болатын батырлардың өне- ге, үлгісі суреттеледі. Айлар, жылдар бойы шыдамдылыққа, жүректілік- ке, төзімділікке, қару-жарақты мең- геруге баулу арқылы ғана жас ұрпақ- ты ел қорғаны етіп тәрбиелеуге бо- лады. Жырау жастарды өзі секілді жауынгер, ер тұлғалы болуға шақы- рады. Мәселен, Жиенбет толғауын- дағы: «Менің ер екенімді көргенсің»,
«Сенсіз де күнім көрермін», «Қайра- тым қанша қайтса да, мұныңа ханым шыдаман», «Жолбарыстай Жолым- бет», «Бас кессе де басылмай, ақ ісім- ді жасырмай», – деген жолдарда еркіндікті аңсаған намысқой, бір бет- кей батырдың, бейнесі, үлгісі ұсы- нылады.