ЖЕҢІЛТЕКТІК

ЖЕҢІЛТЕКТІК – адам мінезіндегі ұшқалақ, дәйексіз, жеңілдікті біл- діретін сипаттары. Ж. мінез жеке адамның іс-әрекетінде, «адамдармен қарым-қатынаста әрбір істің мән- жайына ой жіберіп, терең ойламай, жай түрде қарайтын асығыс ой түйетін өзіндік ерекшелігі. «Жаңағы Абай мен жеңілтек чиновник арасында бол- ған өткір қағысуды да түгел естіген болатын (Әуезов)».

Ж-тің бір ерекшелігі – дәйексіз, тұрлаусыз, айнымалы, бір жерде шы- дап тұра алмайтын адам. «Дәйексіз шегір көздері қазір-ақ шатынап, сынып кеткелі тұрған шыны тәрізді (Сәрсенбаев)». Ж. мінез ерекшелік- тері адамдардың өзара қарым-қаты- насында ой жүйесінің дәлелсіз, тия- нақсыз екендігін де білдіреді. Ж. мінезі шыдамы жетпейтін ісі мен сө- зінде тиянағы жоқ табансыздықты да білдіреді. Ж.-тің тағы бір ерекшелі- гі – ұшқалақтық, жеңілтек мінезді, ұшып-қонған ұстамсыз, дегбірсізде- ніп, жеңілтектік қимыл-қозғалысы- мен ұшып-қонып жүреді. «Артур құ- саған ұшқалақтары рюмкесін әлден көтеріп, жымыңдап тұрған-ды (Ә.Нұр- пейісов)».

Ж. мінездің сипаты ретінде адамның кісілік келбеті мен абырой-атағына нұқсан келтіретін ерекшелік. Жеңілтек қылықты адамда байыптамаушы- лық, қысқа қайырымдылық, үстірттік жиі байқалады. Ондай адамдарға салиқалы, жауапты істерді атқаруға сенім білдірмейді. «Сол айтқанына кейін өзі «жеңілдік», ұшқарылық болды-ау деп өкінген де болатын. (М.Әуезов)». Жеңілтек мінез көрсе- тетін адам көпшілік қауым арасын- да абыройлы бола алмайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *