ЖЕКЕДАРАЛЫҚ – тұлға дамуы- ның ең жоғарғы деңгейі, ал «жеке- даралық» – бұл тереңдік өлшем деген пікірді білдірді. Ж. – адамның өмір жолының жоғарғы синтезі, ин- тегралды нәтижесі. Ол, бір уақытта, адамның ивдивид, тұлға және субъект ретіндегі өзіншелігі мен қайталан- бастығын білдіреді. Ж. ретіндегі адам өмірдің әлеуметтік нормаларын өзін- ше, авторлық «оқуында», өзінің ерек- ше дара өмір тәсілін, өзіндік дүние- танымын, өз келбетін құруында, өз ар-ожданына сүйенуінде ашылып көрінеді.
Тұлғаның өзгешелігі мен айрықша- лығы оның жекедаралық деңгейінің пайда болуын білдіреді. Ж. – дамыған өзін-өзі реттеуші жүйе. Дамыған тұл- ға кедергілерге тұрақты болып ке- леді және тұйықтылықпен сипат- талатын, айқын, дамыған өзіндік сана- ға ие. Осындай жетілген «Мен» жү- йесі қоршаған ортаға қатысты даму- дың фильтрі болып табылады. Со- нымен қатар, дамыған тұлға өнімді және жасампаз болады. «Жекедара- лықты» адамның дүниедегі мағына- лық қатынастары мен бағдарлары- ның жиынтығы ретінде түсінеді. Олар адаммен қоғамда өмір сүру барысында игеріледі және оның құндылықтар иерархиясында бағдарлауын, түрткі- лер күресі жағдаятында мінез-құ- лықты меңгеруін қамтамасыз етеді.