ЖАУАПКЕРШІЛІК – адамның белгілі бір іске, тапсырылған міндет- ке жауапкершілікпен қарап, оны қа- лай да орындап, жүзеге асырып оты- ратын адамгершілік қасиеттің көріні- сі. Ж. біріншіден, адамның міндетті ісін орындап шығу үшін сол жұмыс- тың мән-жайын жете түсініп, үнемі мезгілінде атқарудың әдіс-тәсілін қарастырады. Екіншіден, орындаған ісінің өзі мен өзгелерге нендей нәти- же беретінін айқын аңғарып, көпші- лікке, қауымға тигізетін пайдасын ой- ластырып, азаматтық борышын орындайды. Үшіншіден, жеке басы мен қоғам алдында атқарған еңбегінің жемісті екеніне көзі жетіп, барлық қажеттіліктерді қанағаттандырудың негізі еңбек екендігін терең ұғына- тын болады.
Сөйтіп, қоғам алдында азаматтық борышын атқаруымен бірге, өз басы- на жүктелген жауапкершілікті орын- дап шығу кісілік беделді қалыптас- тырып, іскерлікті шыңдайды. Ж. адам- ның міндетті істі атқаруымен бірге, оның мінезіндегі ерік-жігерін, қай- раттылығы мен табандылығын көр- сететін ерік сапалары болып сана- лады. Жүктелген міндетіне жауап- кершілікпен қарайтын адам туған- туыстарына, жора-жолдастарына, ұжымдағы қызметтес құрбыларына, жалпы әлеумет алдында беделді кісі деп бағаланып, оның абыройын үнемі көтермелеп, жауапкершілігі күрделі істерді атқаруға сенім артып отырады.
Ж-тің кері ұнамсыз жағы – жауап- сыздық. Жауапсыздық міндетті іске салқын қарап, жүктелген міндетті орындамайды. Ондай адам қоғам алдында абырой-беделге ие бола ал- майды. Атқарған жұмысында сенім- сіздік тудырып, ісінің шала-шар- пылығын бетіне кінә етіп тағады. Жа- уапкершілік тек мінезде ғана емес, сондай-ақ сезімдерде, қабылдаулар- да, саналауда, қатынастарда, мінез- құлықтың әртүрлі формаларында көрініс табады. Ж.-тің негізгі белгі- лері ретінде тұлғаның өз міндеттерін атқарудағы тиянақтылығын, өз ісі- не адалдығын, сондай-ақ өз әрекет- терінің салдарына жауап беруге да- йындығын, шыншылдығын, әділді- гін, ұстанымдылығын айтуға болады. Кез келген міндетті орындау еріктік қасиеттер мен күш-жігерді – табандылықты, ынтаны, батылдық- ты, шыдамдылықты талап етеді. Ал міндеттер, яғни шартсыз түрде орын- далуға тиісті әрекеттер рөлдік функ- цияларды орындауға байланысты ажыратылады: қызметтік, отбасылық, азаматтық қоғамдық, және т.б. Пси- хологияда тұлғаның жауапкершілік қасиетін анықтайтын субъективтік қадағалау деңгейі ұғымы бар.