ЖАС

ЖАС – адам дамуының кезеңі, ор- ганизм мен тұлға қалыптасуына тән сипатты заңдылықтар жиынтығымен сипатталады. Жас – дамудың белгілі бір сатысындағы тұлға құрылымының өзіндік ерекшелігін анықтайтын бір- қатар өзгерістер тән болатын сапа- лық тұрғыдан ерекше кезең болып табылады. Педагогикалық тәжірибе, психологиялық бақылаулар, меди- циналық практика эмпириялық не- гіздерде әр түрлі жас кезеңдерін са- ралайды.

Жасқа орай дамуды кезеңдерге бөлу- дің қазіргі варианттары шартты түр- де алынған, өйткені әрбір көзқарас тұрғысына тән критерийлерге негіз- делген. Жастың психологиялық си- паттамасы тәрбие мен дамудың нақ- ты тарихи жағдайларына, қарекет пен қарым-қатынас ерекшеліктеріне орай анықталады. Жас шекаралары өзгермелі және әр түрлі әлеуметтік- экономикалық жағдайларда бір- дей болмайды. Әлеуметтік орта эле- менттерінің балаға ықпалының си- паты оның бұдан бұрынырақта да- мыған қандай психологиялық қа- сиеттерден өтіп қабылданатынына байланысты. Осы ішкі және сыртқы жағдайлардың жиынтығы жастың ерекшелігін анықтайды, ал бұлардың арасындағы қатынастың өзгеруі жас тұрғысындағы келесі кезеңдерге өту- дің қажеттілігі мен ерекшеліктеріне себеп болады. Жас тұжырымы ғы- лымның даму барысында елеулі өз- герістерге ұшырап отырды. Ассо- циацияшылар бұл дамуды таза сан- дық өзгерістерге сайады. Бихевио- ризм шеңберіндегі зерттеулерде ма- шықтар мен дағдылардың қалыпта- суы ғана есепке алынады. Фрейдизм мен неофрейдизм өкілдері тұлғаның түрткі себеп-эмоция тұрғысында- ғы эволюциясын ғана негізге алып жас кезеңдерін саралауға әрекеттен- ді. Отандық ғылымда баланың төл- құжаттық жасы оның нақты даму деңгейінің критерийі бола алмайты- ны көрсетіледі: бұл деңгейді анық- тау үшін баланың психологиялық жағдайына, тұлғалық сипаттамала- рына, осының өзінде нақты бары ға- на емес, толысу кезеңінде, таяудағы даму айғағы деп аталатын да сипат- тамаларға талдау жасау керек бо- лады.

Жалпы организмнің және атап айт- қанда, жүйке жүйесінің толысуы, стадиялық сипатта болады, жаңа пси- хологиялық құрылымдар түзбей, әр- бір жас кезеңінде жаңа тәжірибені игеру үшін, жаңа қарекет әдістерін меңгеру үшін, жаңа психологиялық процестер қалыптастыру үшін айрық- ша алғышарттар жасайды. Осымен қатар кері байланыс та байқалады: баланың өмірі мен тәрбиесі жағдай- ларына орай организмнің белгілі бір жүйелерінің, ми құрылымдары- ның қарқынды жұмыс істеуі ми био- химиясына, жүйке құрылымдары- ның морфогенезіне, ми қабығының тиісті өңірлеріндегі жүйке клетка- ларының өсуі мен саралануына елеу- лі әсер етеді.

Балалардың психофизиологиялық мүмкіндіктері көп екендігі анық- талған. Әрбір сатыда сыртқы әсер- лерге таңдамалы қабылдағыштық байқалады; балалар қарекет әдістері- нің кез келгенін емес, белгілі бір түрін неғұрлым нәтижелі меңгереді. Бұл ерекшелік жастық сензитивтілік деп аталады және қайсібір жас ке- зеңінде (ол сензитивтік кезең немесе сензитивтік жас деп анықталады) белгілі бір психикалық қасиеттер мен процестердің дамуының оңтайлы сипатымен ерекшеленеді.

Сензитивтік кезеңге қатысты күні бұрын немесе кешігіп барып оқыту- дың тиімділігі жеткіліксіз болып шығары анық. Оқытудың нәтижелі- гін арттыру баланың психология- лық-физиологиялық жас ерекшелік- терін және осы жас кезеңінде қа- лыптасатын психологиялық жаңа түзілімдердің маңызын бұлжытпай ескеруді талап етеді. Балалардың жас ерекшеліктерімен қатар дара- лық ерекшеліктерін де ескеру керек, жастары бірдей балалардың бұл ерекшеліктерінде елеулі айырмашы- лықтар болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *