ЖАС  ДАҒДАРЫСТАРЫ

ЖАС  ДАҒДАРЫСТАРЫ  – онтогенездің қауырт психологиялық өз- герістермен сипатталатын, уақыты жөнінен біршама ұзақ емес (бір жыл- ға дейін), ерекше кезеңдері. Невроз- дық не жарақаттық сипаттағы дағ- дарыстардай емес, жас дағдарыста- ры қалыпты процестерге жатады жә- не тұлғаның қалыпты, үдемелі дамуы үшін қажет.  Ж.д. жас  тұрғысындағы бір сатыдан екіншісіне өтуімен бай- ланысты пайда болуы мүмкін және оның әлеуметтік қатынаста, қарекет, сана саласындағы жүйелі сапалық түрле- нуімен байланысты. Балалық жаста, әдетте, «бір жас дағдарысы», «үш жас дағдарысы», «6-7 жас дағдарысы» жә- не «жеткіншек дағдарысы» (10-11 жас) сараланады. Жас дағдарыстарының бұл шектемесі біршама шартты, өйт- кені даралық, әлеуметтік-мәдени жә- не басқа өлшемдер едәуір шамада әр- қилы болады.

Дағдарыстың нысаны, ұзақтығы мен өту қарқындылығы баланың дара- лық-типологиялық ерекшеліктеріне, әлеуметтік және микроәлеуметтік жағ- дайларға, отбасындағы тәрбиенің тұтастай педагогикалық жүйенің ерек- шеліктеріне байланысты әртүрлі бо- луы мүмкін. Балалық шақтағы Ж.д. кезеңдеріне балалардың үлкендермен қарым-қатынасының жаңа типіне кө- шу процестері тән, мұнда баланың жа- ңа, өскелең мүмкіндіктері, «әлеумет- тік даму жағдаятының» өзгерістері, қарекеттің алмасуы, баланың сана- сының бүкіл құрылымының қайта құрылуы ескеріледі. Балалардың жа- ңа жас сатысына өту процестері, бір жағынан, оның айналасындағы адам- дармен қарым-қатынастарының бұ- рынырақта қалыптасқан нысандары, екінші жағынан, өскелең физикалық және физиологиялық мүмкіндіктері мен талап-тілектері арасындағы кей- де өте-мөте кереғар қайшылықтар- ды шешумен байланысты болады.

Негативизм, қиқарлық, кірпияздылық, шамшылдық және жас дағдарысына тән басқа да жағымсыз мінез-құлық көріністері егер үлкендер баланың қарым-қатынас және қарекет саласындағы жаңа қажетсінулерін елемейтін болса, асқынып кетуі, керісінше дұ- рыс тәрбиеленсе, бәсеңсуі мүмкін. Ересек кездегі және жас ұлғайған кездегі жас дағдарыстары анағұрлым аз зерттелген. Мұндай бетбұрыс ке- зеңдердің балалық шақтағыдай емес, елеулі өзгерістерсіз болатыны белгі- лі. Мұндай кезеңдердегі сананың ма- ғыналық құрылымдарының қайта құрылуы, жаңа өмірлік міндеттерге бағдарлану, қарекет пен қарым-қаты- настар сипатының алмасу процесте- рі тұлғаның дамуының бұдан арғы барысына зор ықпалы болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *