ЖАН

ЖАН (ағыл. soul; грек. psuxe; лат. anima; қаз. жан, рух) адамның және хайуанаттардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етіп тұратын рухани қуа- ты. Ж-ның заттық қасиеті жоқ бол- ғандықтан, оны танып-білу мүмкін- дігі шектеулі. Аристотель: «жан – тән- нің формасы, жан мен тән бірлікте, Ж. тәннің бөлшектерін үйлестіріп басқарып тұрады», дейді. Ж. туралы қазақ ойшылдары да аз айтпаған. Мәселен, С.Торайғыров «дене азыққа тоюдан Ж. ержетер, Ж. ержетіп дүние- нің сырын табар» десе, Ш.Құдай- бердіұлы «жан тәнге, ақыл жанға маталып тұр» дейді. Мұндай пікірлер қазақ фольклорында да, әсіресе, ма- қал-мәтелдерде көптеп кездеседі. («Тән ауырса, жан да ауырады», «Жан бар жерде қаза бар», «Жан кеудеге қо- нақ» т.б.) Аннафе алинсанийа – «адам жаны». әл-Фарабидің пікірінше, жан болмыстың төртінші сатысы. Ж. ту- ралы мәселелер, оның «даналық таң- ба тастар және мәселелердің мәні» деген трактаттарында айтылады. Адам- ның жанында әртүрлі қабілеттер не- месе күштер болады.

Негізгі күштерге «Қуат беруші күш»,

«Түйсіктендіруші күш», «Елестетуші күш», «Парасатты немесе ойлаушы күш», «Қозғаушы күш», «Талпынушы немесе талпындырушы күш» т.б. бо- лады. әл-Фараби дене мүшелерінде болып жататын белгілі бір материалды құбылыстармен байланыстыра қа- райды. Жанның ақылға қонымды жа- ғы туралы «Екінші ұстаз – әл-Фара- бидің» «интеллект» сөзінің мағына- сы туралы пайымдауларында айқын баяндалды. Ол елестетуші күштің түс көруге әсерін ашып, бұған байланыс- ты аян беруді шын түс деп түсінеді. Осы заманғы психология түс көруді әдеттегі психикалық әрекеттің ерек- ше бір ұйқы кезіндегі жалғасы дей- ді. Ғылыми психологияда Ж-ды кей- де психика ұғымының синонимі ре- тінде де қарастырады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *