ЖАН ҚҰМАРЛЫҚ – жанға әуестік, жан аярлық дейтін тіркестерден құралған түсініктің күнделікгі сөз қолдануымызда екіжақты мағынада айтыла береді: 1. Жанға әуестік – адамның бас пайдасын ойлап, өмірден, тіршіліктен рақаттанып ләззат алуды көздейді. Жан аярлық – жа- нын қинамай, азапты бейнет көрмей қызықты өмір сүруді мақсат тұту. Жан аярлықтың ұнамсыз ерекшелі- гі – аярлық. Аярлықтың бірнеше мағынасы бар: қулық-сұмдық, за- лымдық, айлакерлік. Ж.қ. мінездегі өзіндік ерекшелік. Осы ерекшеліктің бір сипаты – аяршылық. Ж.қ. адам мінезіндегі көбінесе ұнамсыз сипат ретінде менмендік пен эгоистікті білдіретін болғандықтан ондай пен- делерді былайғы адамдар сый-құр- мет тұтпайды. Оған сын көзімен қа- райды. Ж.қ. ұғымымен іргелес жаны құмар (құштар) дейтін түсінік бар. Бұл түсініктің мәні ынтызар, ынтық болу, жаны құштар дегенді білдіреді. Ж.қ-тың тағы бір ерекшелігі – сү- йікті, қадірлі, қымбатты деген адам мінезінің бағалы жақтарын білдіретін атау-түсініктері де бар. Адамның даралық психологиялық сипат-ерек- шеліктерін білдіретін мінездің қа- сиеттері мен сан қырлы сапалары жан жүйесінің құпиясы мол, әрі әр тарапты болатындығына айқын көз жеткіземіз.