ЖАН БЕРУ – жантәсілім берді, өлді деген мағынада, жаны жай тапты, рақаттану мәнінде, не өлді деген күй- де, жан тапсырды – қайтыс болды, өл- ді дейтін мәнде, жан берді, қарғалды, ант ішті деген әртүрлі жағдайларды білдіретін сөз тіркесі. Психология- лық тұрғыдан қарастырғанда, жан беру – адамның тіршілік бейнесі мен даму процесінің тоқтап, өмірінің аяқ- талуы. Биологиялық және діни на- ным тұрғысынан да ол осындай ма- ғынаны білдіреді. Ал ант ішіп, қарға- ну – адамның халыққа, көпшілік ал- дында мойнына алған міндеті мен болған іске қатысы жоқ екендігін білдіретін сенім сөзі. Берген уәдесі мен антын орындамайтын болса, ол адам екі дүниеде бірдей тыным тап- пайды. Құдай оның жазасын ертелі- кеш береді деген сенімде болады. Ж.б. – жантәсілім ету ізсіз, түссіз ке- тетін қарапайым процесс емес. Ол құбылыс өзгелердің сезімі мен сана-сезіміне күшті әсер етіп, жан дүние- сін тебірентерлік күйге түсіреді.