ЖАНУАР  ДАҒДЫЛАРЫ

ЖАНУАР  ДАҒДЫЛАРЫ  – Жануарлардың өмірін бақылау көр- сеткендей, тек туа біткен қылық- тарының түрлері – инстинктеріне негізделе отырып, олар өзгерген ортаға бейімделе алмайды. Жануар- лар қылықтарының туа біткен түр- лері өмірге жаңа келгеннен кейін қалыптасқан дағдылармен толық- тырылады. Дағдылар деп көптеген қайталаудың және бекітудің нәти- жесінде жануарлардың жеке тәжі- рибесінде қалыптасатын іс-әрекетін айтады. Жануарларда дағдыны қа- лыптастыру күнделікті өмірдің та- биғи жағдайында, сонымен қатар арнаулы, үйрету арқылы іске асады. Бақылаулар  көрсеткендей, дағдын қалыптастыруға қабілеттілігі жоға- ры сатыдағы жануарларда ғана емес, төменгі сатыдағы жануарларда да болады. Бірақ неғұрлым ағза күрде- лі болып келсе, соғұрлым жануар- лардың жүйке жүйесі дағдыны қа- лыптастыруға жоғары деңгейде қа- білетті дамығандығын аңғаруға бо- лады. Мәселен, үйретілген ит адам- ға аяғын береді, есікті табанымен немесе тұмсығымен ашады, билей- ді, артқы аяғымен жүреді т.б.

Жануарлардың осындай іс-әрекеті дағдылар деп аталады. Дағдының жүйке – физиологиялық қызметі шартты рефлекс болып табылады. Дағдыны қалыптастыру жануарлар- да шартты рефлексті немесе шартты рефлекстердің жүйесін қалыптасты- ру болып табылады. Жануарларда дағдылар соқыр сезімнің негізінде, жаңа іс-әрекетті бірнеше рет қайта- лау (инстинктерден айырмашылығы) арқылы қалыптасады, оның көмегі- мен жануарлар белгілі бір қажеттілі- гін қанағаттандырады. Жаңа іс-әре- кетті қалыптастыру және бекіту ең алдымен жануарлар өмір сүрген бар- лық жағдайларға байланысты. Мә- селен, итке ас беретін ыдысы (итая- ғы) ішіндегі тамағымен есігі жабық бөлмеге орналасқан. Оны көрген ит, итаяқтағы тамақты ішу үшін аяғымен, тұмсығымен есікті ашудың әрекеті- не кіріседі, ол бұл орайда бірнеше кездейсоқ қозғалыстар жасайды.

Осы кездейсоқ қозғалыстардың нә- тижесінде ит есікті ашады. Осы іс- әрекет бірнеше рет қайталанады. Со- дан кейін ит қателеспей ылғи аяғы- мен, тұмсығымен есікті ашатын бо- лады. Жануарларда дағдылардың қалыптасуы ата-енелерінің «үйретуі» арқылы іске асады. Мәселен, қасқыр- лар өз балаларына аң аулауды былай үйретеді: кәрі жануар қалай аулау- дың тәсілін іс-әрекет үстінде көрсе- теді, ал балалары сол әрекеттерді қай- талайды. Бұл жерде «үйрету» елік- теу инстинкті негізінде іске асады. Адамдар үй жануарларын қолға үй- ретіп, көптеген дағдыларды қалып- тастырады. Адамдардың жануарлар- ға дағдыны қалыптастыруы дрес- сировка немесе қолға үйрету деп ата- лады. Қалыптасқан дағдылар жеке- леген инстинктердің байқалуын жо- йып жіберуі мүмкін. Мәселен, тыш- қанды қолға үйреткенде мысық тыш- қаннан қашады, ал тышқан мысық- тың артынан қуады. Ал әуелден тышқан мысықты көргенде қашатын болған, ал үйретудің нәтижесінде тышқаннан мысық қашатындай етіп дағды қалыптастырған. Жануарларда дағдылар байқап көру және қателесу әдісімен қалыптасады. Мәселен, ак- вариумды әйнекпен ортасын екіге бөліп, аквариумның бір бөліміне шортанды орналастырып, ал екінші бөліміне кішкентай шабақтарды салып, байқап қарағанда, шортан бірнеше рет шабақтарды жеуге ұмты- ла береді, ұмтыла береді, бірақ тұм- сығын әйнекке соғып, әбден шар- шайды, уақыт өте шортанда белгілі дағды қалыптасады: ол шабақтарға ұмтылуын әбден қояды. Бұл дағды ортадағы әйнекті алып тастағанда да сақталады, шортан кішкентай ша- бақтарға тимей, бірге жүре береді, бірақ біраз уақыттан кейін дағды жо- йылып, шортан өз әдетінше өмір сү- ре бастайды.

Дағды-жануарлардың қылықтары- ның өзгертілген түрі, сондықтан д әбден орнықпайынша ол бірте-бір- те жойылуы мүмкін. Сонымен қатар дағдының өзгеруі ауысуынан аңға- рылады. Маймылда бананы бар жә- шіктің тесігін алдыңғы оң аяғымен ашу дағдысы қалыптасқан. Оны де- несіне тақап қойған кезде ол жәшік тесігін алдыңғы сол аяғымен ашқан, бұл аяғы да таңылып тасталғанда жәшікті артқы аяғымен ашып, ба- нанды алуға әрекеттенген. Енді ол арқылы ештеңе болмайтынын білген ол тіспен ашуға тырысады. Дағдының ауысуы негізінен жоғары сатыда да- мыған жануарларға тән. Дағдыларды қалыптастыру мүмкіншіліктері жа- нуарлардың жалпы даму деңгейіне және қалыптасқан дағдының жануар- лар мінезінің инстинктілік түрлеріне сәйкестік дәрежесіне байланысты. Тәжірибелі үйретушілер әр уақытта да осыны ескеріп отырады. Оны цирк аренасының білгірі Р.А.Дуров орын- ды пайдаланды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *