ЖАНАШЫРЛЫҚ – адамның ет жақын туған-туысқандарына, жа- қын, тілектес, ниеттес, сыйлас, құр- меттеуші адамдарға ниеттестігі мен тілектестігін білдіретін көңіл күйі.Ж. көңіл күйі оқыс істер мен қайғы- қасіретке душар болған адамдарға деген ішкі сезім күйінің қатынасы. Ж.- адамгершілік қасиетті білдіретін жан дүниесінің тебіренісі. Қазақ халқында «Мал ашуы – жан ашуы» деген нақыл сөз бар. Орынсыз зиян шегіп, шығынға ұшыраған адам жа- нашырлық күй кешеді. Ж. есіркеп- мүсіркеуді де білдіретін жайт. Ж. тек жақын туыстарға ғана емес, жалпы халық бұқарасының басынан кешіре- тін қиыншылықтары мен қасіретті істеріне аяугершілік білдіруімен бір- ге, олардың ұнамды істері мен шат- тық сезімдеріне де көңіл күйінің қа- тынасын білдіретін жан жүйесінің тебіренісі деп пайымдауымыз қажет.