ЖАЛҒЫЗДЫҚ

ЖАЛҒЫЗДЫҚ – басқа адамдардан оқшауланған, өзгерген (үйреншікті емес) жағдайға ұшыраған адамның эмоциялық күйіне ықпал ететін пси- хогендік факторлардың бірі. Адам- ның Ж. жағдайда болу уақыты ұзар- ған сайын тілдесуді, қарым-қаты- насты қажетсіну күшейе түседі. Бұл қажетсінуді қанағаттандыру мүмкін- дігінің болмауына жауап ретінде адам- дар заттарды (қуыршақтарды және т.б.), әртүрлі жануарларды (өрмекші- ден бастап аттарға дейін) тұлғалан- дырып тіл бітіргендей әрекет жасай- ды, қиял күшімен серіктестер тудыра- ды (бірқатар жағдайларда түсінде көрген жарқын эйдетикалық бейне- лер түрінде), олармен дауыстап сөй- лесе бастайды. Бұл экстериоризация- лық реакциялар қорғаныштық (есесін өтеушілік) реакциялар деп бағам- далып, психологиялық норма шең- берінде қарастырылады. Орнықсыз психологиялық қарекет кезеңінде сы- налушыны арнаулы аппарат арқылы бақылауда немесе тұтқындағыларды

есіктегі «әйнек-көз» арқылы қадаға- лау кезінде бірқатар адамдарда ай- рықша психологиялық жай-күй пай- да болады; мұндайда олар тырдай жа- лаңаш отырғандай немесе ойлары- ның бәрі айқын білініп отырғандай өзін ыңғайсыз, ауыр болады және көрген түстерін шындық болмыспен шатастырушылық жағдайлары бай- қалады. Ж-тың қатаң жағдайында болу мерзімі ұзарған сайын терең психологиялық өзгерістер кезеңінде аса бағалы идеялар, қарым-қатынас идеялары, тұлғаның қосарласушы- лық бөлінуі және реакциялық гал- люцинациялар пайда болады. Ж. жал- қылықты да білдіреді.

Жеке-дара болу да Ж. Салт адам да Ж. Отбасында, жанұяда жалғыз өзі- нің тіршілік етуі. Психология ғылы- мында адамның жеке басын зерттеу даралық немесе дифференциалды психология деп аталады. Жеке басты зерттеуде адамның жан дүниесінің сыр-сипатын, психологиялық ерек- шеліктерін зерттеу күрделі мәселе болып саналады да, оның кісілік қасиеттерінің дамуын, жеке процес- тері мен ерекшеліктерін ашып көр- сетуге ерекше мән беріледі. Жеке бас- қа тән сипаттар темперамент пен мі- нез, оның дара басына тән қабілет- тілігін айқындап көрсету, бұл ғылым- да айрықша орын алатын маңызды проблема болып саналады. Ж. ешкі- мі жоқтық, саяқтық. Ж. бірен-саран, аздаған, некен-саяқ дейтін ұғымды да білдіреді. Халықтық ұғым-түсінік бойынша Ж. қиындыққа төзіп, тір- шілік етуіне жанашырлық білдіруі адами-гуманистік сезімді білдіреді. Оған мүмкіндігінше көмек көрсетіп, есіркейтін болған.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *