ЖАЛҒАНДЫҚ ДЕТЕКТОРЫ

ЖАЛҒАНДЫҚ ДЕТЕКТОРЫ –адамның аффектілік жәйін сипат- тайтын физиологиялық көрсеткіште- рін объективті зерттеуге арналған аппараттар жинағы. Ж.д. АҚШ-та жасалған, көбіне юристік практика- да құқық бұзушыларды тергеу ке- зінде қолданылады. Ж.д-нда сына- латын адамға терігальваникалық реак- цияны (ми биотоктарын жазу), пле- тизмограмманы (ағзаның тамырлық реакциясы), тремор (бұлшық еттер дірілі) және т.б. тіркейтін аспаптар- дың датчиктері бір таспаға шығары- лып, тәжірибелі тергеуші ол көрсет- кіштер бойынша сыналушының эмо- циялық жай-күйі туралы оның мі- нез-құлқының сыртқы нысандарын ғана бақылаған кездегіден гөрі не- ғұрлым дәл пікір түйе алады. Мұнда әдейі жаттықпаған адамның вегета- тивтік реакцияларды іс жүзінде өз ырқымен басқара алмайтыны негіз- ге алынады.Ж.д-нда сынау оның нақ көзделіп отырған эмоциогендік жағдаятқа қа- тысты реакциясын тіркейтініне ке- пілдік бермейді. Бұлар қорқыныш, үрей, депрессия күйіне душар ететін тергеудің өзіне деген реакциялар бо- луы мүмкін. «Шын мәніндегі» эмо- цияларды аппаратуралық әдістеме- лерден «индукцияланған» эмоция- лардан саралау мүмкін емес. Осының өзі көптеген соттық қателерге себеп- ші болып, жалғандық детекторында сынауға қарсылық туғызды. Психо- логияда Ж.д. шыққанға дейін-ақ қыл- мыстың «аффектілік іздерін» зерттеу әдісі талданып белгіленген болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *