ЖАЛПЫЛАУ – клиенттің монолог- ты түрде тәубеге келіп ашқан сырын, психолог кеңесшінің жалпылама түрде қысқаша қайталауы. Ж. – тал- дап қорыту, жұмыс тәжірибесін талдап қорыту, жалпы қорытынды. Ж. – заттар мен құбылыстардың жалпы қасиеттерін ой (операциясы) арқылы біріктіру тәсілінің бірі. Бұл тәсіл абстракция, дерексіздендіру әрекеттерімен тығыз байланысты. Ж. тәсілі әртүрлі деңгейде жүргізіліп, нәрселер мен құбылыстардың бір- бірімен тығыз байланысты екендігін білдіреді. Олардың өзара қарым- қатынасын, себепті байланысын, даму заңдылықтарын, жалпы және мәнді белгілерін бейнелейтін ой әрекеті. Ж. ұғым құрудың да негізгі тәсілінің бі- рі. Ұғым құруда Ж. арқылы нәрселер- дің тобына тән қасиет белгілері ата- лып, олар сөйлеу әрекеттерімен айқындала түседі. Ж. әрекетінің өзін- дік сипаты бар. Бастауыш сынып жасындағы балалар нәрселердің мән- ді белгілерін өз сөздерімен ажыра- тып көрсетуде қиналады. Мұндай себеп кеміс балалардың нәрселер мен құбылыстардың мәнді белгіле- рін олардың сыртқы көрініс белгі- лерінен нақты ажырата алмай, олар- ды өз сөздерімен айтып бере алма- уы. Тілі жоқ керең балалардың да Ж. әрекеті мардымсыз болатындығы мәлім. Алайда олардың Ж. тәсілін меңгеруді сөз арқылы дамытып, ті- келей сезімдік танымын өрістетіп отыруға болатындығы күнделікті оқу- тәрбие тәжірибелерін зерттеулер- ден белгілі.