ЖАЛАҚОРЛЫҚ – жала жапқыш- тық, бәлеқорлық адамның мінез- құлқындағы жағымсыз қылық. Бі- реуге кінә артып, оны балағаттау. Адами қасиетті қорлап, бәле артатын, арсыздық пен надандық әрекет. Жа- лақорлық адамның өз басын ақтау үшін де өзге адамға күнә, айып тағып «судан таза, сүттен ақ» болып шығу- ға әрекеттенген жағымсыз қылық пен арам ниетті адамдар тіршілікте кездесіп отырады. Жалақорлықты шынайы ісімен бекерлейтін адам өз ісінің ақтығына сеніп іс қылады, реті келгенде жала жабушының ісі мен мінезіне талдау жасай отырып оны бекерлейді, дәйекті сөзімен жалақорды кінәлайды. Жалақорлықпен іргелес түсінік-ұғым өтірік айтып, өзгеге жа- ла жабу. Жалақорлықтан арылудың төте жолы істің ақ-қарасын ақылға салып дұрыс шешу.