Дон Аминадо (Шполянский Аминад Петрович)
(1888-1957)
Ақын, сатирик, эмигрант.
***
Иемденгің келсе көзқарасыңды өзгерт.
***
Илеуге көнетін халық тапсаң
Оның көсемі болу қиын емес.
***
Әйелді өз жас шамасынан артық ешкім қартайта алмайды.
***
Әскери ғылымныңнағыз шарықтайтын шағы — бейбіт уақыт.
***
Жасырын дауыс беру кезінде де небір ақмақтықты көруге болады.
***
Көріпкел болып көрінгің келсе алдағы жүз жылды болжап бер. Ақымақ болып көрінгің келсе ертең солай болады де.
***
Адамды өлімге жақындата түсуде ұзақ өмір сүруден асқан ештеме жоқ.
***
Жығылғанды жұдырықтамайды, оның қайта тұрғанын күтеді.