Әлішер Науаи

Әлішер Науаи

(1441-1501)

 

Әлішер Науаи, Әлішер Низамаддин Мир Науаи – түркі-өзбек халқының ұлы ақыны, ойшылы, мемлекет қайраткері. 1441 ж. Ақпан айының тоғызында Герат қаласында туған. Әкесі өлгеннен кейін 12 жасар Әлішер Науаиды Әбілқасым Бабыр өз тәрбиесіне алған. Оның есімі 15 жасынан түркі және парсы тілдерінде бірдей жазатын ақын ретінде танылды.

 

***

Егерсен шын адам болсаң, халқының тағдырына қабырғасы қайыспайтын қалтақбасты адам болма.

***

Өз халқының қамын жеп,

Қайрат қылмас кісіні, Атамаңыз адам деп, Ұқсаса да мүсіні.

***

Жаланың жыланнан да зәрі уытты, Зұлымның аждаһадан кәрі мықты.

***

Саулық тілесең – көп жеме.

***

Білмегенді сұрап үйренген – ғалым, арланып сұрамаған өзіне залым.

***

Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына.

***

Жақсы адам өзінің жыртық тонымен де сыйлы, гүл өзінің жапырағымен сыйлы.

***

Басыңнан өткеннің бәрін заңдылық деп есепте, түсіңде не көрсең де – тек жақсылық күт.

***

Ғайбат сөзді жүрегіңе жақын алма, әділ бол, қолға түскен жауыңды қорлама. Егер ата жауың қолыңа түссе, кең пейіл бол, оған қайырымдылық көрсетіп, кешіре біл.

***

Әділетсіз және қайырымсыз адамдардың арасында шешенсіме, жаныңда сөз тасушы немесе жақсылығыңды білмейтін адам тұрса, үндеме.

***

Дана адам жоғалтқан нәрсесі туралы айтпайды, өтіп кеткен жастық шақты қайтару мүмкін емес.

***

Ғашықжүрек – жарық шам, ғашық көздер – бұлақ бастауы.

***

Страус – түйеқұс деп аталғанымен, оған жүк арту мүмкін емес.

***

Оттың міндеті – жағу, желдің міндеті – ұшыру. Су мұзымен, тамақ тұзымен, адам сөзімен дәмді.

***

Киім тәнді көрікті етеді, жақсы адамның жанын жақсы іс рақаттандырады.

***

Дүниеқоңыз байдан кеңпейілділік күтпе, қайыршыдан тиын күтпе.

 

***

Сараң адамнан өзгенің мүлкіне құрметпен қарауын күтуге бола ма, ал кеңпейіл адамның басқаға адал болмауы мүмкін бе?

***

Жасынның жарқылын жинауға, жаңбыр жібінен түйіншек түюге болмайды.

***

Есуасқа ақыл айту – құйынды тоқтатумен пара-пар.

***

Қыңыр адам жақсы дос бола алмайды, опасыз адам жақсы жар бола алмайды.

***

Тіл жанның қалауын айтуы керек. Сөз жүректе піспейінше, сыртқа шығарма, бірақ жүрегіңдегінің бәрін айта берме.

***

Ішіңдегі ойды сыртқа шығармасаң, жүрекке ауыр тиеді, бірақ аңдамай сөйлесең, бәлеге қаласың.

***

Айтатын жерде айтып қал, бірақ үндемейтін жерде жағыңды ашпа.

***

Есуас жалған сөйлемейді, бірақ ақылды бүкіл шындықты жайып салмауы керек.

***

Патшаға неғұрлым жақсы қызмет еткен сайын, адам одан соғұрлым қорқа түседі.

***

Азға қанағат еткен адам – мұқтаж емес данагөй, азға қанағат ету – бұл таусылмас қазына.

***

Надан досты досым деме, оның сандырақ сөзімен басыңды ауыртпа.Жөнсіз өскен кей бала әкесінің сақалын жұлып, намаз жасауға кедергі келтіреді.Мас адам данагөйдің аяғын сүйемін деп, жерге құлап, таза адамның етегін кірлетеді.

***

Білімді жау пайдалы болуы мүмкін,ал надан дос тек зиян келтіреді.

***

Дүние қума, жарлы болсаң да, жаның бай болсын.

***

Өз наным-сенімің туралы көрінгенге айтпа, ақшаңды желге шашпа.

***

Менмен болмауға әдеттен, қарапайымдылықпен жаныңды жылыт.

***

Бос сөйлеме, пайдалы сөз тыңдаудан қашпа. Аз сөйлеген сирек қателеседі, аз тамақтанған сирек ауруға шалдығады.

***

Аздап аш болу – даналық кепілі, тоқ болу – ұйқышылдықтың себепкері.

***

Тоқ болудан қаш, өзің аш бол, бірақ ашқа тамақ бер.

***

Жақсы киім киіп, кербез болма. Әдемі киінгің келсе, жалаңашты киіндір. Киім әдемі болған сайын, өзгені киіндіруге ұмтыл.

***

Жомарттық – бұл адамзат бағындағы гүл ағашы,дұрысында, осы ағаштың пайдалы жемісі. Ол – адамзат әлеміндегі толқыған теңіз немесе теңіз түбіндегі асыл меруерттас. Сараң адам- жаңбыр исі аңқыған көктемгі бұлт емес, бұл татардың иіссіз жұпар суындай. Егер ағаш жеміссіз болса – құр отын ғана, ал жаңбырсыз бұлт – бұл тек түтін ғана.

***

Ысырапшылдық – бұл жомарттық емес, мақтаншақтық. Дүниемүлкін шашқанды «есалаң» дейді, күндіз шам сөндірмегенді«есуас» дейді. Адамға ел көзінше ақша беру – бұл аярлық, осы үшін өзін жомарт санау – бұл арсыздық. Ел көзінен тасада көмек бермейтін адам жомарт емес, аяр адам. Жомарт адам соңғы үзім нанын ашқа береді, нағыз адам

– өзі жемесе де, мұқтаж адамға ең соңғысын береді.

***

Батылдық пен кісілік – бұл әлемде жоқ ең жақын туыстар , олар – жер бетінде жоқ егіздер. Олар адамдардың опасыздығына көздері жеткеннен кейін ғайыптық әлеміне қашты. Кісілігі бар адам осы бір қымбат қасиетіненайырылғысы келмейді.

***

Батылдық пен кісілік – ата-ана, ал адалдық пен ұждан – олардың егіз баласы.

***

Адал жүректе ұждан да бар, біреуі болған жерде екіншісі де бар. Опасыз адамда ұждан болмайды. Екеуі де жоқ адамда сенім де жоқ, сенім жоқ жерде адамгершілік те жоқ.

***

Адалдық пен ұждан бұл қара ниетті әлемнен алыстап, ғайыптық әлемінде орын тепті. Олар тек бір-бірімен дос, ал залым және ұятсыз адамдар оларды тіпті есіне алмайды.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *