Әбірахман Жәми
(1414-1432)
Абд әр-Рахмен Нұр әд-Дин ибн Ахмед Жәми – парсы ақыны, филолог, философ, музыка зерттеушісі. Әуелі Гераттағы Дилқаш медресесінде, кейін Самарқандтағы Ұлықбек медресесінде білім алған. Самарқандта ғалымдармен тікелей араласып, олардың арасында білімділігімен даңқы шыққан.
***
Баймын деп сен мақтанып, қапы қалма, ақымақ, Ол бір жүрген қара бұлт, тұрағы жоқ жапырақ.
***
Білгеніңді бойыңдағы еліңе үйрет, жалықпа,
Көкірекке тұншықпай ол шықсын еркін жарыққа.
***
Өркөкірек жерді баспай жүрер жайлы кілеммен,
Маңдай соғып, қапыда ол қалатынын білем мен.
***
Жаман әдет үйренген өз мінезін жоғалтар.
***
Қазына да қайғы-мұңсыз қалдырмас.
***
Басшыларын сыйламаса өз елі
Ыдырап ел, тақтағының өртенеді өзегі