Үмбетей Тілеуұлы

Үмбетей Тілеуұлы

(1706-1778)

 

Ойшыл, жырау. Ерейментаудан. Әкесі білімдар, шежіреші, күйші болған. Үмбетей Абылай хан тұсында ел қамын ойлаған ірі өнер иесі.

 

***

Сырт тазасы не керек, тазарт әуел ішіңді.

***

Кісіні көрсең, есікке жүгіре шық, кешікпе,

Қарсы алмасаң мейманды, кесір болар нәсіпке.

***

Кей сорлының қатыны күндіз ауру, түнде сау.

***

Ұл он беске келгенше қолыңдағы қобызың,

Ұл он бестен асқан соң, тіл алмаса, доңызың.

***

Елге лайық ер болар.

***

Үйіңдегі ұлың жаман болса – есіктегі құлмен тең, Қойныңдағы қатының жаман болса – қаңтардағы мұзбен тең.

***

Панасыз таудың несі тау.

***

Кетеген болса – түйең жау, тебеген болса – биең жау, Ұрысқақ болса – ұлың жау, тырысқақ болса – келінің жау.

***

Жылға, сай батпақ болса, өте алмассың, Жастан шыққан жүйрікке жете алмассың. Мейманға отың басы болса суық, Еліңе жақсы жігіт атанбассың.

***

Бай болмаған бай болса – жайламаған сай қоймас, Хан болмағанхан болса – жалмамаған тай қоймас.

***

Баласын мақтар қоштаған, әйелін жақтар қостаған, Алыстағы дұшпаннан, аңдып жүрген дос жаман.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *