Қожаберген Толыбайұлы
(1663-1763)
Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы«ГүлтөбеМаманай» деген жерде туған. Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі«Ақ табан шұбырынды, Алқакөл сұлама» дәуірінің әдеби ескерткіші саналатын «Елім-ай»жырының авторы. Атақты қолбасшы, ержүрек батыр, қара қылды қақ жарған әділ би.
Болашақтан түңілме!
*** Заман – түлкі, адам – қыран.
***
Өткен күн, ойлағанмен, қайта оралмас, Бақ құсы кетсе ұшып, қайта қонбас.
*** Баба тілі асыл – дүр.
***
Пенденің бала деген жүрегі ғой, Аз күндік тірліктегі тірегі ғой.
*** Үйде де, түзде дағы бір-ақ өлім,
Дұшпаннан алып өлгей елдің кегін!
***
Қай заман мына заман бағы жаман, Болар ма баяғыдай тағы заман?!
***
Ер азса да, ел азбасын.
*** Ел қорғау – ерге міндет.
***
Қолдай жүр бір-біріңді қиындықта.
***
Мұсылмандық үлгісі – тарихат пен ақиқат.
***
Жігіт деп артық туған соны айтамыз –
Таржерде қайырылысса жан жолдасқа.
***
Санама біріңді артық, бірің кемге, Біріңді-бірің сүйре сүрінгенде.
***
Адамға шыдамдылық ес береді.
***
Сұм дүние опасы жоқ жалған екен.
***
Тілдіңде киесі бар.
*** Баба тілін қастерлеу – азамат ерге парыз іс.
***
Ер азбай, ел азса – айдын көліңнің суалғаны,
Ел азбай, ер азса – жапырағыңның қуарғаны.
***
Кеудеңде шыбын жаның болса егер, Жоғалтпа жер бетінен қазақ атын.
***
Сүйей жүр әлсіздерді әлі барың, Тізе қос, етек жиып ес барында!
***
Алла өзі алсын бізді панасына, Дұшпанның қол жеткізсін жағасына. Майданда ерлеріме қуат беріп,
Көрші елдің қалдырмасын табасына.
***
Алаштың алты ұлының бірі- қазақ, Жұрт еді қайырымды салты ғажап.
Тілеймін жалбарынып жаратқаннан
Халқымды еткізбе деп жауға мазақ.
***
Жастардың басын қосып, елді қорға!
***
Қамал бұзар ортадан біреу шықса,
Сол ердің сөзін тыңдап, мыңға бала.
***
Белгісі мұсылманшылық сол болады, Тірлікте бір- біріне жәрдем бермек.
***
Жігіттер, алды- артыңды ерте ойла, Тірлікте күн түспесін надан- насқа.
*** Тірлікпен әлі-ақ бір күн қоштасарсың, Ұрпаққа үлгі етіп кет ата салтын.