Қазтуған Сүйінішұлы

Қазтуған Сүйінішұлы

(XV ғ.)

 

Еділ бойында, қазіргі Астрахан облысының Красный Яр қаласы маңында туған. Еділ салалары – Ақтұба, Бозан бойын жайлаған түркі тайпаларының рубасы көсемі, әскербасы батыры болған, ұлы жырау.

 

***

Мен заманнан қорқып барамын:

Кейінгі өскен жас бала

Күндердің күні болғанда

Кімдерге кіріптар болар деп, Обалы маған қалар деп!

***

Жабағылы жас тайлақ жардай атан болған жер,

Жатып қалған бір тоқты жайылып мың қой болған жер.

***

Ойласа – ойдың көсемі, Сөйлесе – қызыл тілдің шешені.

***

Ақ дария толқын күшейтер – құйрығын күн шалмаған балығым арқамда ойран салар деп.

***

Бұлт басқан айды ашқан, мұнар басқан күнді ашқан.

***

Арғымақтың баласы арыған сайын тың жортар.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *