ҒАШЫҚТЫҚ – адамдардың бір- біріне кіршіксіз сезім мен қалтқы- сыз сенімге негізделген махаббаты- ның ең жоғарғы түрі. Ер мен әйел арасындағы нәпсілік құмарлық ға- шықтыққа жатпайды. Ғ-тың тыл- сымдық сипаты бар. Ғ.- адам жараты- лысының ішкі мазмұны, нағыз таза рухани тіршіліктің көрінісі. Оны ма- хаббаттың синонимі деп қарауға бол- майды. Ғ. ұғымының махаббатпен байланысын жеңіл-желпі түсінетін- дер, оны орынсыз қолданатындар өмірде кездесіп отырады. Мұндай жағдайда олар ұлы Абайдың «ға- шықтық пен құмарлық ол екі жол» де- ген аталы сөзін есте ұстаулары тиіс.