Ыбырай Алтынсарин
(1841-1889)
Ұлы ұстаз, ағартушы, ақын, жазушы, заңгер, аудармашы. Қазақ тарихында педагогикалық ой-пікірдің, педагогтік демократиялық көзқарастың негізін тұңғыш қалаушы, қазақтың жазба көркем әдебиетінің қарлығашы.
***
Аяңшыл ат арымас
***
Мал –дәулеттің байлығы Бір жұтасаң жоқ болар.
Оқымыстының байлығы Күннен –күнге көп болар.
***
Надандықтың белгісі- Еш ақылға жарымас.
Жайылып жүрген айуандай, Ақ-қараны танымас
***
Жөн білмеген адамға Қыдыр –ата дарым.
***
Білмегенді білуге
Есті бала тырысқан, Есер бала ұрысқан.
***
Ата-анаң қартайса, Тіреу болар бұл оқу. Қартайғанда мал тайса, Сүйеу болар бұл оқу.
***
Қасіретсіз бұл дүниеде пенде болмас.
***
Хан болсын, хакім болсын, бұлай болса, Бір адым мен біреуден кеммін деме.
***
Туралық, риясыз жолға түссең, Қалдырмас ілтипатсыз сені Алла.
***
Жігіттен бақыт ұшса халыққа жақпас.
***
Өздерің өз жұртыңа дұшпан болып, Бозбала жараспайды жүрістерің.
***
Береке халықта болса сізде болар, Талығын тәңірім беріп, өзі оңдаса.
***
Саны көп, сапасы жоқ,сапырылысқан
Он үйге бір би болған келді кезге.
***
Заман бұл бірде түлкі, бірде қасқыр.
***
Көңілі соқыр көрмейді көзге ұрсаң да.
***
Аласы ағайынның алаңдатты.
Бес күндік дүние өтер аттай желіп.
***
Адам жоқ сыйласатын амандықта, Досың жоқ ат салысар жамандықта. Ағадан-мейір, ініден қайыр кетті, Айналып дүние жүзі арамдыққа.
***
Бәріміз бір адамның баласымыз, Жігіттер, бір-біріңе қарасыңыз.
***
Мектеп — қазақтарға білім берудің басты құралы…Біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы, тек осы мектептер.
***
Ат өнері білінбес Бәйгеге түсіп жарыспай.
***
Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың; Азға қанағат ете білмесең, көптен де құр қаласың.
***
Дүниедегі жаратылған жанды-жансыздардың ешқайсысының да керексіз болып, жерде қалатыны болмайды.
***
Не нәрсенің құр сыртына қарап қызықпа, асылы ішінде болар.
***
Құс та Құдайдың жәндігі.
***
Көбірек жақсылық етуге шамаң келсін десең, әр нәрсеге күтімді болу керек.
***
Рахымды бол, саған мұның үшін Құдай рахым етер.
***
Аурудан аяған күштірек.
***
Саны, сапасы жоқ көп сөйлеген мылжың шын сөзді аз айтады.
***
Байлық қанағат пен еңбекте.
Тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма.
***
Айуанның естісі көп, бірақ адамдай толық ақылы жоқ.
***
Балдақты бейшараға жаңадан аяқ табылса, жалаңаяқ та болса жүгіріп жүруді дүниенің бір қызығы деп білер еді-ау…
***
Арыстан дем алуға суға кірсе,
Балықтар шымшып ойнар терісінде.
***
Иманды ер Құдайдан ұялады.
***
Қолыңнан келсе қыл қайыр.
***
Ақылсыз жанды досым деп, Басыңды қосып сыр айтпа.
***
Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық.
***
Білімді кісі рәуішті көрінеді.
***
«Өнерлі өрге жүзеді» деген бұрынғылардан қалған сөз бар екен. Бұл күнде бақ та, дәулет те, күш те сол мақалды ұмытпай ескерген жандарда.
***
Әр елге, әр жұртқа алтын сақа табылмас.
***
Мақтанба сұлумын деп ажарыңа,
Ажарсыз адамдарды ал назарыңа.
***
Жинақылық — сараңдыққа қосылмайды.
***
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
***
Халық мектептері үшін ең керек кісі – оқытушы. Тамаша педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұқият жүргізілген инспектор бақылауы да жақсы оқытушыға тең келе алмайды.
***
Мектептің шаруашылық жағдайлары жаман болса, оның ісі еш уақытта алға баспайды.
***
Оқи білген таниды
Бір жаратқан Құдайды.
Қорлама кем адамды болсаң дана.
***
Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен,
Кете бар кессе басың шындықпенен.
***
Керексіз еш нәрседен қалдырмайды Жаратқан бір тәңірінен күдер үзбе.
***
Өмір деген бес күндік кетер өтіп, Атаң барған орынға барасыңыз.
***
Жақсыдан ғапыл қалмаңыздар.
***
Адамның адам біткен баласымыз,
Қайсың бөлек тудың деп айырайын.
***
Ұмытпа бай болдым деп бір Құдайды.
***
Қорек тап, бейнеттен де Тәңірің жәрдем, Телмірме бір адамға мұңлықпенен!
***
Ит үрер жақсыға да, жаманға да,
Қылмағы бірақ залал Құдайдан-ды!
***
Достарың, дұшпан түгіл, табалайды Аяғың бір нәрседен шалыс болса.
***
Мақтанба бақыттымын деп бағыңызға, Қартаймақ қиын сауда тағыңызда. Іске аспай бақ-дәулеттің қалуы оңай, Басыңнан бағың тайған шағыңызда!
***
Ренжітпе бенде болсаң бейшараны, Қаріп көңіл бір сынық бияла-ды.
***
Істің болар қайыры
Бастасаңыз алдалап.
***
Сараңдық жасап, қараулық көрсеткен адам халықтың қаһарына ілінбек.
***
Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе.
Көңіліңді, бойыңды мөлдір бұлақтай таза ұста.
***
Өнер – білім бар жұрттар Тастан сарай салғызды.
***
Оқытушыны бағалағанда олардың іске қатысты жоқ сөздеріне қарап емес, олардың егістерінің бетіне шыққан жемістеріне, яғни оқушыларына қарай бағалау керек.
***
Алдыңа келсе, әділдігіңді аяма.
***
Өнер, білім, бәрі де Оқуменен табылған.
***
Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.
***
Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс.
***
Мал-дәулеттің байлығы Бір жұтасаң жоқ болар.
Оқымыстының байлығы
Күннен-күнге көп болар, Еш жұтамақ жоқ болар.
***
Адамның адамшылығыжақсы ұстаздан болады.