Шәкәрім (Шаһкарим) Құдайбердіұлы

Шәкәрім (Шаһкарим) Құдайбердіұлы

(1858-1931)

Қазақтың ойшыл ақыны.

 

***

Адамдық борышың – халқыңа еңбек қыл.

***

Ынсап, рахым, ар, ұят табылмаса,

Өлген артық дүниені былғағаннан!

*** Дәлелсіз сөз – соққан жел, ұшқан тозаң.

***

Байлық жақсы екені елге мәлім, Өзің істеп әдет қыл – келсе халің.

***

Адамдар мал-мақтан үшін соғысып, өзі жек көретін өлімге жанын тапсырады.

***

Бас көзі жұмылады, көңіл көзі жұмылмайды.

***

Адамның ең артығы – ерінбейтін, еңбекшіл, шыдамдысы.

***

Шын бақ – ата-ананың махаббаты мен балалардың таза жүрегінде.

 

***

Адамдық борышың,

Халқыңа еңбек қыл.

***

Ақ жолдан айнымай, Ар сақта, оны біл.

***

Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек – осы төртеуі кімнің бойында болса – сол шын адам болады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *