Шалгиіз Тіленшіұлы
(1465-1560)
Қазақ жыраулық поэзиясының атасы. 1490 жылдары Ноғайлы әміршісі Темірбидің жыршысы, нөкері болғанымен, онымен үнемі жарастық таба бермеген.
***
Шешен жігіт жол бастар, Батыр жігіт қол бастар.
***
Жаманнан туғанжақсы бар – адам айтса нанғысыз, жақсыдан туған жаман бар – бір аяқ асқа алғысыз.
***
Жақсының өзі өлсе де, сөзі өлмейді.
***
Тұсында болғанмәртті қорлама, Табылмайды керекте.
***
Ағайынның ішінде бір жақсысыбар болса,
Қаумалаған көп жаман сол жақсыны көре алмас.
***
Жүйрікпін деп жалданба, Жолағарсың арланға.
***
Еріккенде қызыл тілін тыймаған бір пәлеге жолығар.
***
Атаның ұлы жақсыға малыңда бер де, басың қос: бір күні болар керегі.
***
Күле кіріп, күңіреніп шыққан достан сақтасын.
***
Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа.
***
Жаманның жалаңдаған тілі жау.
***
Бір жақсымен дос болсаң – азбас-тозбасмүлкі етер, Бір жаманмен дос болсаң – бар ғаламға күлкі етер.
***
Мың жабыға – бір тұлпар, Мың үйрекке – бір сұңқар.