ХV-ХVІІІғғ.Әлем ақындарының афоризмдері
Асан Қайғы
(1361-1370)
Асан Қайғы атанып кеткен Хасан Сәбитұлы Алтын Орда ханы Ұлұғ-
Мұхамедтің ықпалды билерінің бірі. XV ғасырдың 20-жылдарындаҰлұғМұхамед Ордадан қуылғанда Асан өз әміршісімен бірге кетіп, Қазанда билік құрған оның ақылгөй ақындарының қатарында болады.
***
Ақың болса біреуде, айыбын тап та ала бер: ерегесіп ұрыспа – сенікі жөн болса да, атың шықпас дұрысқа.
***
Ғылымым жұрттан асты деп, кеңессіз іс бастама, жеңемін деп біреуді өтірік сөз қостама.
***
Арғымаққа міндіп деп артқы топтан адаспа.
***
Көлдежүрген қоңыр қаз қыр қадірін не білсін,
Қырда жүрген дуадақ су қадірін не білсін,
Көшіп-қонып көрмеген жер қадірін не білсін,
Көшсе, қона білмеген, қонса, көше білмеген,
Айтса ақылға көнбеген, бұрса оңға жүрмеген
Санасы жоқ жамандар ел қадірін не білсін.
***
Әділдіктің белгісі – біле тұра бұрмаса, Ақылдының белгісі – өткен істі қумаса.
***
Шамаңша шалқып жүре бер, қабірге әзір қоймаса, Артыңда қалар атақ жоқ, тіріде даңқың болмаса.
***
Арғымағың жамандап, тұлпар қайдан табарсың,
Тұйғыныңды жамандап, сұңқар қайдан табарсың.
***
Қадірін жеңге білмесе, бой жеткенмен қыз ғаріп, Замандасы қалмаған қария болар шын ғаріп.
***
Надандықтың белгісі – тілін алмау біреудің.