Уильям Шекспи
(1564-1616)
Ағылшынның ұлы драматургі, ақыны
***
Артық тамақ шашты ағартып қинайды, Ал қанағат ұзақ ғұмыр сыйлайды.
***
Не жетеді нағыз досқа, асылға, Қуансаң да, қайғырсаң да қасыңда. Қиналады – сен қиналсаң болғаны,
Ұйықтамасаң – ұйықтамайы ол дағы.
***
Пікір күшті болса, іс те күшті болмақ.
***
Икеміңе қарай еңбек ет.
***
Шын ынтамен тындырған жұмыс – тәнге шипа.
***
Кітап маған тақтан да қымбат.
***
Шынайы махаббат үнсіз келеді, өйткені шын сезім алдымен сөзбен емес,іспен білдіріледі.
***
Махаббат жаңбырдан соңғы күн нұрындай…
Махаббат қашанда жаңа ашылған гүлдей жайнап тұрады.
***
Қуанармын деп үміт етудің өзі де бастан кешкен қызығыңнан сәлпәл ғанакем соғады.
***
Актер өз дәуірінің шағын шежіресі һәм айнасы.