Сайф Сарайи

Сайф Сарайи

(1321-1396)

 

Ойшыл, көрнекті қыпшақ ақыны. АлтынОрда мемлекетінің астанасы Сарай қаласында туған. Ол Сарай қаласынан шыққанмен, кейін Мысырға барып, өмірінің соңын сонда өткізген.

 

***

Табысы жоқтың танысы жоқ.

***

Қиындық көрмей байлық келмейді.

***

Адам бір оқтық.

***

Гүл бағының жыршысы – бұлбұл.

*** Ағаш біткенді жүкті қылатын – жер.

***

Еңбегіжоқғалымбасы жоқ ара тәрізді.

***

Көрем десең табиғаттай зергерді,

Сапар шегіп аралап көр жер-жерді.

***

Күн шыққанда шамның қажеті шамалы.

***

Артық ішкен ас зиян.

***

Адам ішіп-жеу үшін ғана өмір сүрмейді.

***

Жанжалдың шоғы қызарса, ақылдың суын сеп.

***

Біліктінің орны төр.

***

Ақылды көптің көңілінаулар, Күншіл жоқты даулар.

***

Ісмер қайда жүрсе де ақша табады.

*** Білім – ердің дәулеті.

***

Наданның әдеті: жолдасынан сәл қала бастаса, сыртынан қанжар салуға әзір тұрады.

***

Надандар білімді адамды көреалмайды.

*** Жүрек кімді қаласа – сол сұлу.

***

Дастархан үстінде дұшпан да дос.

***

Әкім залым болса ел азады.

***

Тайып бара жатқанға таяныш бол.

***

Ізгілікпен әділдік өлмейді.

***

Әдепсіз келінге әдемі киім жараспайды.

***

Ізгі оймен ашқан есікті қатты жаппа.

***

Отты сөндіріп, қозасын қалдырма,

Жыланды өлтіріп, баласын қалдырма.

***

Кек тұтқаннан кешірген жақсы.

***

Өзіңнен қорқатын адамнан сақтан.

***

Жай жатқан жыланның құйрығын баспа.

***

Бейнет көрмегенге зейнет те жоқ.

***

Жол қиындығын жүрген білер.

***

Оқтың өзін алып тастағанмен, орны қалады.

***

Інжудің құнын іздеген біледі.

***

Артында жақсы аты қалған адам өлмейді.

***

Жас бұтақ қалауыңа қарай иіледі, Иір ағаш тезге салмай көнбейді.

***

Өзі жеп, өзгені де тойдырған бақытты болады.

***

Бақыттың шалғайынан басып, күшпен ұстап тұруға болмайды.

***

Тоқ адамға майлы еттің де дәмі білінбейді.

***

Ақылды орнымен сөйлер де жауабын күтер.

***

Өтірік сөз – жарақат сияқты, жазылса да орны қалады.

***

Сүйген адамға жаның жол табады.

***

Әділ жол мақсатқа жеткізеді.

***

Нағыз ер болсаң, сол атаққа ие бола біл.

***

Ақымақ күндіз шам жағады.

***

Ақымақ адам өз тілін тыя алмайды.

***

Күншіл күнде күңіренеді

***

Жарғанат жарықты сүймейді, күншіл ғылымды сүймейді.

***

Ұятсыз адам иттен де жаман.

*** Тіленіп күн көрген – қор болып өтеді.

***

Таза өнердің иесіжомарт келеді.

***

Ұстаздың абыройы болмаса – шәкірттері оның сақалымен ойнайды.

***

Сау адам біреудің жарасы ауырып отырғанын білмейді

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *