Мұхаммед-Қанафия Баһрамұлы (Сегіз Сері)
(1818-1854)
Ақын- жыршы, әнші-компазитор.
***
Жұқпайды жаққан күйе ісі аққа.
***
Жолдан адассаң-үйге қайтарсың,
Сөзден адассаң- неңді айтарсың?!
***
Білмегеніңді кісіден сұра, үлкен білмесе, кішіден сұра.
***
Бір сынаған жаманды екі қайта сынама.
***
Алғашында, дүние, айдын шалқар көл дейсің. Өтеріңде, дүние, ұйтқып соққан желдейсің.
***
Ашылар жүрек құлпы сыр шерткен соң.
*** Жаманға оқ өтсе де, сөз өтпейді.
Жақсымен дос бол- қадіріңді біледі,
Жарыңмен дос бол- шаңырағыңа береке кіреді.
***
Ойлап тұрсам, дүние, бұлт жамылған биіксің. Жеткізбейтін, дүние, қырда ойнаған киіксің.
***
Тозған ескі қайықтан, жасалған жаңа сал артық,
Көргенсіз өскен жігіттен, көгенде өскен мал арттық.
***
Иілгіш тал болғаннан, сынған артық, Басына пәле келсе тынғаны артық.
Мінгенше жамандармен алтын таққа,
Жақсымен бірге түскен зындан артық.
***
От алмаған мылтықтан ағаш артық, Танымайтын туыстан алаш артық.
***
Жолдас болма масылға, жұғыса біл асылға.
***
Бұзба таза қалпыңды, риза қыл халқыңды.
***
Шын жақсыда кек болмас.
***
Бал-шекерден не пайда, жүрекке тиіп, жақпаса. Үлгілі сөзден не пайда, ұқтырар құлақ таппаса.
***
Хас жүйріктен не пайда, тұлпардай тулап шаппаса. Хас шешеннен не пайда, халқына кеңес айтпаса.
***
Батыр жігіт сол болар-жаудан қорқып қашпаса. Нағыз жақсы солболар- игі іске елін бастаса.
***
Қаһарман жігіт сол болар, Қамалдан тізгін тартпаса. Мерейлі жігіт сол болар, Міндетін елге артпаса.
***
Тегі жақсының белгісі- туысы үшін қамығу. Тасбауырдың белгісі- ағайынмен жауығу.
***
Сабырсыз кісі сол болар- істің артын тоспаса.
Әзәзіл сайтан сол болар- елдің басын қоспаса.
***
Қазанатқа жал пайда, күнкөріске мал пайда.
***
Ержүрек есіл ерлерге- ел қорғаған сол пайда!
***
Қызуың шыдатпайды-ау, қайран жастық!
***
Өлген соң арыстаннан тышқан артық, Арам достан аңқылдақ дұшпан артық. Қолына кей жаманның түссе алтын,
Бағасын қоя алмайды мыстан артық.
***
Ай жарығы таң болмас, шаққан шақпақ шам болмас.
Таңдап сүймей жар болмас, жоқ жасанып бар болмас.