Мұрат Мөңкеұлы
(1843-1906)
Ойшыл, от ауызды, орақ тілді ақын. Шығармаларының негізгі тақырыптық өзегі – ел тағдыры, елдік мұраттар.
***
Бір пәледен – мың пәле.
Заманға қарай сөз керек.
***
Жігіттің елге тиген пайдасын айт!
***
Еділді тартып алғаны – етекке қолды салғаны, Жайықты тартып алғаны – жағаға қолды салғаны, Ойылды тартып алғаны – ойындағысының болғаны.
***
Пенденің қылған ісі Аллаға аян.
***
Адамның азған белгісі – екі кісі дауласса, Тату бол деп айтпайды.
*** Дұшпан – тазы, біз – түлкі.
***
Замана, қауіп етем қорлағаннан!