Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати (Аяз)

Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати (Аяз)

(ХІ ғ.)

Көрнекті мемлекет қайраткері, әскериқолбасшы, тарихшы, әдебиетші, ақын. Өмірі негізінен Орта Азия мен Шығыс Түркістан, Тибет пен Үндістан елдерінде өтті. 1540-1551 жылдары Кашмирдің жеке- дара әміршісі болды.

Мырза Мұхамед Хайдар Орталық Азия халықтарының тарихы, этнографиясы мен географиясы, тілі мен әдебиеті, мәдениеті жайын сөз ететін, «Тарих- и Рашиди» және «Жаһаннаме» атты классикалық шығармалардың авторы.

 

***

Ине өзі тіге алмас.

 

***

…Кім- кім Жаратушының ризалығын тілесе, Болар халқының халінен хабардар.

 

***

Егер пендесі болса онымен [Жаратушымен],

Оған оның [Алланың] мейрім, жомарттығы көп болады.

 

***

Әскердің тәртібін аң көрсетер, Дұрыс пен бұрысын да аң көрсетер. Сол үшін аңға шығар патшалар,

Болу үшін әскерінің халінен хабардар.

 

***

[Алла] лайым туралыққа қауыштырсын.

 

***

Ұлыс жақсы мінезіңнен болсын көңілді,

Қайсыбір бүліктен мемлекетің болсын аман…

 

***

Қатыгездік түбі- бақытсыздық…

 

***

Әлсіз ел қасіретті болар- өзгеден.

 

***

Опасыз ғой бұл дүние, ей дос!

 

***

Жақсы шаңырақ, отбасы рахатта болар.

 

***

[Қандай бір] дәулеттің мал- мүлкі болмаса, Қазынасы оның байлыққа толмайды.

 

***

Опасыз дүние айналымына сеніп

Етуге болмайды екен жаһаннан үміт.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *