Иоганн Вольфганг Гете

Иоганн Вольфганг Гете

(1749-1832)

Неміс ақыны, ағартушы, ғалым.

 

***

Білу ғана аз, сол білгеніңді істе қолдана білу керек.

***

Адамның шын мәніндегі нағыз артықшылығы ғылымда.

***

Денсаулық алтыннан да қымбат

***

Бақыт барын салып еңбектенгенге бұйырады.

*** Өзі үшін әрекеттенген азап шегеді.

Өзгелер үшін еңбек еткен адам олардың қуанышына да ортақтасады.

***

Жастық шақтардан гөрі жас ұлғайғанда көп еңбек тындыру керек.

***

Қам – қатерсіз өмір сүру- мезгілсіз қартаю.

***

Адам өмірінің биік шыңы – жастық.

***

Қызықшал дырду өмір – күні бұрын жеткен кәрілік.

*** Сәулет – үнсіз музыка.

***

Ғашықтық қуаныш – Жастықтың сыйы бар. Жылғыз сен жұбаныш, Пірімсің сыйынар.

***

Жас          кезіңізде          жаңсақ         қадамыңыз          болады,          бірақ          сол жаңсақтықтарды күніміз еңкейгенше сүйретудің орайы жоқ-ақ.

***

Әркімде сенген ісін орындауға жетерлік күшті қайрат болады.

***

Ешқашан жаңылмайтын адамдар бар, өйткені олардың ешнәрсе істеуге мойны жар бермейді

***

Қолынан келетін істі істемейтін бақытсыз жазған өзі түсінбейтін нәрсеге жабысады.

***

Өзіңнің борышыңды орындап кетсең болды, өзіңді тани кетесің.

***

Игі өнеге қиын ерлік жасауды жеңілдете түседі.

***

Залымдар қанауда халықты сансыз, Бетінде қаны жоқ, кілең имансыз.

 

***

Болғысы келген түк емес, бола білгенді айт.

***

Кім жомарт болса соны алдау да жеңіл.

***

Ақиқаттангөрі ақиқатты іздеп табу жеңіл.

***

Тәңірінің өзі нетер еді

Болмаса керек жарағы.

***

Табиғаттың даму жолында аялдама деген болмайды, сондықтан да ол кез келген әрекетсіздікті қатты жазалайды.

***

Көпшіліктен өткен қыңыр жоқ.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *