Жанақ Сағындықұлы
(1770-1856)
Жыршы, айтыс ақыны. Абыралы өңірінде туып өскен. «ҚозыКөрпеш – Баян сұлу» жырының ең таңдаулы нұсқаларының бірін ел арасына таратушы.
***
Ер туса – елге тыныс.
***
Арам тамақтан адал ас өтпейді.
***
Ат – биеден, алып анадан.
***
Тоқты менен ешкінің қаны бірдей,
Жақсы менен жаманның жаны бірдей.
*** Халық- қазына, хан – қақпа, батыр – қорған.
*** Қайғы – теңіз, көз жасы – сел.
***
Ауруды қуантпайды алтын төсек.
***
Бақыты зордың бақталасы да мол.
***
Ер – аттан мұқалады, ат – тағадан, Ел – ағадан азады, тон – жағадан.
***
Хан сыртынан жұдырық.
***
Халық – дария, хан – балық.
***
Қарашасынқарақтамағанханоңбас.
***
Аттың сыны: ескек желіс, емен бел.
***
Хан – астың дәмі болғанда, ханым – тұзы.