Жалаладдин Руми

Жалаладдин Руми

(1207-1273)

 

Сопылықілімінің көрнекті өкілі, парсы ықыны, исі мұсылманға ортақ діни қайраткер, рухани алып Мәулана Жәлаладдин Руми – Құдайға ғашықтығымен, тақуа ғұмыр кешуімен, жалпақ жұртты рухани сусындатуымен әлемге танымал тұлғалардың бірі.Көптеген шет тілдерге аударылған«Мәснәу-и шәриф» пен«Диуани хакмет» еңбектері тұтастай ислам тағылымдарын, рухани тазалық пен имандылықты дәріптеуге арналған. Мавлана Жәлал ад-Дин Мухаммад Руми Мевляна атымен белгілі(30.09.1207, Блах, Хорезмшах мемлекеті – 17.12.1273, Конья, Коние сұлтандығы) – ұстаз, аты әйгілі ақын-суфий. 2007 жылы ЮНЕСКО деңгейінде ұлы ақынның сегіз жүз жылдығы тойланды.

 

***

Жеңе біл қиындықты қайратыңмен, Күздегі жапырақтай қалтырама.

***

Біреудің сөзін қайталау түсінгендіктің белгісі емес.

***

Достыққа дұшпандық қылған адам оңбас.

***

Ақылды адамдармен дос болыңыздар. Ақымақ дос ақылды дұшпаннан да қауіптірек екенін біліңіз.

***

Кейбір нәрсе қарапайым адамға мыс болып көрінгенімен, қадіріне жететін адам оның алтын екендігін біледі.

***

Мысалы, он адам бір үйге кіруге талпыныс жасаса, оның тоғызы ғана мақсатына жете алуы мүмкін. Қалған бір адам «тағдыр солай»деп, қол қусырмай, өз кемшіліктерін іздегені жөн.

***

Ғылымды үйрету үшін алдымен соны түсінетін орта керек. Қанша ақылды сөздер айтылғанымен, ол сөз жетім қалса, одан не пайда?

***

Ерік, жігерің мен күшің барда еңбек қыл. Сондақазынаға тап боларсың.

***

Адам баласы тәнінің хайуаннан айырмашылығы жоқ. Тек дене рахатының соңынан қууға ұялыңыз. Жан рахаты қараңғыдағы жарқыраған күн іспетті сізді бақытты етер.

***

Біреудің қайғысының үстінен бақыт құру мүмкін емес.

***

Ақылсыз адам қайғысын тілінің кесірінен жиып алады.

***

Қайғыға тап болсаңыз, пайдасыз балағаттаудың орнына одан шығудың жолын іздеңіз.

***

Отбасындағы ер мен әйел тең дәрежеде қарым-қатынаста болуы керек.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *